Аумағы 1 мың шаршы метрді құрайтын жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде волейболшылар, баскетболшылар, футболистер мен боксы, күресшілер жаттыға алады. Спорттың бұл түрлеріне ауыл жастары құмар. Олар спорттық жаңа нысанының ашылуын асыға күтуде. Себебі, спорт кешенінде кәсіби деңгейде жаттығуға мүмкіндік мол.
Айта кетейік, спорт кешені қазіргізаманғы арнайы құралдармен жарақтандырылады. Бұл болашақ Олимпиада чемпиондарын дайындауға тиісті жағдай жасауға мүмкіндік бермек. Нысан жыл соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.
Ақмола облысы.