Қазақстан • 29 Мамыр, 2020

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 28 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

29 мамырда Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым аумағында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-батысында циклон ықпалынан кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл сақталады, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғады, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде желдің күшейіп жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты аптап ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.