Коронавирустық инфекцияның таралуы әлі де жалғасуда, Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарын карантиндік шараларды сақтауға шақырды.
Елдегі төтенше жағдай режимі алынғанына қарамастан, вирустың таралу қаупі өте жоғары болып отыр.
Әскери қызметшілер кейбір қалаларда карантиндік шаралардың әлсіреуіне қарамастан, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдарға көмек көрсету мақсатында шұғыл түрде 16-ға жуық санитарлық өңдеу тобы құрылды, ал 2020 жылдың 25 мамырынан бастап әскерде арнайы өңдеу құрама жасақтарының бөлімдеріне инфекциямен күрестің екінші кезеңі басталғаны туралы жарияланды.
Әскери қызметшілер алғаш рет бетпе-бет келген коронавирустық инфекциямен күрес тәжірибесі осы саладағы мамандармен мұқият зерделеніп, талданды. Әскери қызметшілердің кейінгі іс-әрекеттері барынша кәсіби болады, осылайша жергілікті атқарушы органдардан өңдеуге түскен өтінімдердің ішінен жақын арада жалпы ауданы 224060 м2 шамамен 80 әлеуметтік маңызы бар нысандарды өңдеу жоспарлануда, бұл дезинфекциялық топтар үшін жоғары көрсеткіш болып табылады.
Қалаларда бұрын енгізілген барлық шектеулер қатаң бақылауда. Жеке құрам мен еліміздің азаматтары денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Әр нысанды өңдеу шаралары мұқият ұйымдастырылған.