Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
Ата-аналарынан өтініш (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан);
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
3х4 көлеміндегі 2 фото.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау баланың ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен педагогикалық-медициналық-психологиялық консультация қорытындысы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
17 тамыздан бастап Жазғы мектеп жұмыс істей бастайды. Оған ата-аналардың қалауы бойынша мектепке дейінгі мекемелерде болмаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар бара алады.