Спорт • 29 Мамыр, 2020

Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

604 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі жекпе-жегі АҚШ-тың Чикаго қаласында ұйымдастырылады. Бұл туралы әйгілі The Ring басылымы хабарлады.

Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Иллинойс штатында өтетін бокс кешінде отандасымыздың қарсыласы польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Әзірше жекпе-жектің нақты датасы белгісіз. Бірақ Головкиннің промоутері Эдди Хирн бұл айқасты тамыз айында өткізуге ниетті екенін айтты.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек ақпан айынан бері түрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылған. Головкин-Шеремета кездесуінде отандасымыздың IBF чемпиондық белбеуі бәске тігіледі.