–Іс-шара барысында шалғайдағы шаруа қожалықтары мен мал жайылымы учаскелері, сондай-ақ, қаланың жеке секторында орналасқан үйлер мен көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлері тексерілуде. Себебі, заңнамаға сәйкес азаматтар қаруды сатып алу және сақтау үшін үйде, пәтерде күзет дабылы белгісін орнатуға міндетті болады -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Тексеру барысында қару сақтау ережесін бұзудың 60 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тегіс ұңғылы атыс қаруын заңсыз сақтап келген азаматты анықтады. Ал, қаруды баллистикалық сараптамаға жолдады.