Қазақстан • 29 Мамыр, 2020

Бірінші кезеңде 54 пойыз жүргізілетін болады

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 мамырда коронавирус инфекциясын болдырмау мақсатында өткен Ведомствааралық комиссия отырысында мемлекет ішінде жолаушылар пойыздары қатынасын жаңғыртуға қатысты шешім қабылданды.

Бірінші кезеңде 54 пойыз жүргізілетін болады

Жолаушылар пойыздарын жөнелту 2020 жылы 1 маусымнан бастап халықтың талабына және аймақтардың эпидемиологиялық жағдайына байланысты деңгейлі жүргізілетін болады.

Бастапқы кезде, 54 пойыз жүргізілетін болады, оның ішінде Нұр-Сұлтан – Алматы, Маңғыстау, Өскемен, Сарыағаш, Семей, Арқалык, Павлодар, Петропавл/Қызыл ту, Орал, Жезқазган, Қызылорда; Алматы – Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Сарыағаш, Өскемен, Жезқазган, Орал, Петропавл, Қостанай; Кызылорда – Семей, Көкшетау, Петропавл; Қостанай – Қарағанды; Арқалык; Қарағанды – Жезқазған; Қызылорда – Көкшетау, Петропавл, Маңғыстау – Ақтөбе бағыттары және қала маңы қатынастары.

Екінші кезеңде, 10 маусымнан бастап 39 пойыздың жүргізілуі жоспарланып отыр, оның ішінде Нұр-Сұлтан-Алматы, Атырау-Достық, Орал, Айсары,Шымкент; Алматы-Атырау,Ақтөбе,Орал,Өскемен,Түркістан,Петропавл; Атырау-Маңғыстау, Ақтөбе, Құлсары, Карабатано бағыттары және қала маңы бағыттары.

Үшінші кезеңде, аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қатысты, сонымен бірге көршілес мемлекеттермен келіскеннен соң 15 пойыздың жүргізілуі жоспарланып отыр, оның ішінде Алматы-Ташкент, Саратов, Үрімші, Новосибирск, Казань; Нұр-Сұлтан –Челябинск; Қарағанды-Москва, Омск, Томск; Атырау-Астрахань бағыттары.

Қазіргі кезде, жолаушы билеттер сатылымы ашылды (ағымдағы жылы 15 мамырдан бастап), сонымен бірге тасымалдау процестері барлық инфраструктуралық объектілер санитарлық жағдайларға сәйкес дайын және құрамдар жөнелтілуге дайын. 

Жолаушылардың және пойыз бригада қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің ұсынымдарына сәйкес жүзеге асатын болады.