Конференцияның негізгі бағыттары:
- Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық бастамалары;
- Қазақстан және мега аймақтық қауіпсіздік: қауіп-қатерлер мен тәуекелдер;
- Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары;
- «Бейбітшілік. ХХІ ғасыр»: жаһандық ынтымақтастық жаңа дәуірінің манифесі;
- Қазақстанның бітімгершілік миссиясы.
Конференция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тұрақтылық пен бейбітшілікті, халықаралық қатынастарды трансформациялау мәнмәтінінде өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін нығайтудағы бастамаларының рөлі мен маңыздылығын талқылауға сарапшылық қауымдастық пен жас ғалымдарды тарту мақсатында өткізілді.
Іс-шараны конференция модераторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашты. Конференция қатысушылары - қазақстандық мемлекеттік-саяси, іскер және ғылыми элита, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың, өңірлік мемлекеттік университеттердің өкілдерін, сондай-ақ Ресей, АҚШ, Түркия, Швейцария және басқа елдердің сарапшыларын таныстырып өткен Әмірхан Мұратбекұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, саяси ғылымдар докторы, профессор Махмұд Қасымбековтің конференцияның қатысушылары мен қонақтарына арналған құттықтау сөзін оқып берді.
«…Ғаламдық деңгейдегі саяси көшбасшының аса көрнекі қасиеттері, көзқарастардың жаңашылдығы мен өрлігі, ерекшелігі, бірегей қабілеттері жаһандық ауқымдағы идеяларды туғызады – халықаралық ұйымдар мен әлемнің жетекші мемлекеттері басшыларының көбінің тарапынан Н.Ә.Назарбаев қызметіне берілген көпшілік мақұлдаған баға осындай. Сондықтан Елбасы халықаралық кеңістікте мемлекеттердің бейбіт және тең құқықта өмір сүру негіздерін нығайтуға бағытталған көп векторлы ішкі саясат концепциясының авторы болуы әділетті шешім. Н.Ә.Назарбаевтың идеялары мен шешімдерінің бірізділігі, ұтымдылығы, беріктігі Қазақстанның ғаламдық ядроға қарсы қозғалыс көшбасшысы, бітімгерлік үдерістерді талқылау, әлемдік діндер мен ұлыстар өкілдерінің тиімді ашық сұхбат алаңы, еуразиялық экономикалық кеңістікте мегааймақтық интеграциялық үрдістердің, түркітілдес мемлекеттер мен өзге елдердің ынтымақтастығындағы мүдделерді жақындастыру генераторы ретіндегі халықаралық мәртебесін бекітіп берді. Бүгінде онжылдықтар артта қалғаннан кейін де Елбасы бастамаларының өзектілігі тек артып келе жатыр, себебі қазіргі дәуірде халықаралық тұрақтылыққа төнген қауіп әлі де бар, өңірлік, ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстар өткір күйінде қалып отыр. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары мен сөздері мемлекеттің ішкі саяси бағамы қағидаттарының тарихи маңызын сезініп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық қоғамдастықтағы еліміздің жоғары орында тұруын қамтамасыз етудегі баға жетпес үлесі мен ерекше рөлін анықтап береріне күмән жоқ», – делінген М. Қасымбековтің үндеуінде .
Конференцияның пленарлық бөлігі Ә.М.Рахымжановтың «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық бастамалары – мемлекеттің сыртқы саясатының мәнмәтінінде» тақырыбындағы негізгі баяндамасынан басталды. Спикер өз баяндамасында Елбасының халықаралық бастамаларының төмендегідей алты ірі бағытына жан-жақты тоқталып, оларды түсіндіріп өтті: «Қазақстанның екіжақты және көпжақты қарым-қатынастарға тең құқылы қатысуына бағытталған бастамалар», «Қазақстанның аймақтық және ғаламдық қауіпсіздікті жасақтау мен қамтамасыз етуге бағытталған идеялар мен бастамаларды ілгерілетуге белсенді қатысуы», «мегааймақтық интеграциялық үдерістер», «еліміздің сыртқы саясаты бағытында көрініс тапқан Елбасының бітімгершілік бастамалары», «мәдениеттанымдық бастамалар», «түркі ынтымақтастығының кеңеюі және тереңдеуі».
– Саналы ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған елінің адал перзенті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаһандық деңгейдегі саясаткерлігі Қазақстанды барлық халықаралық міндеттемелерді сақтай отырып, көп векторлы, теңгерімділік және прагматизм қағидаттарына негізделген бейбітсүйгіш сыртқы саяси бағыты бар мемлекетке айналдырды. Еліміз алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, Елбасы салып берген «Қазақстан жолы» жалғасары сөзсіз, - деп қорытындылады Әмірхан Рахымжанов.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев конференция қатысушыларына құттықтау сөз жолдады:
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық жобалары барша әлемде танылған. ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭО, ЕҚЫҰ, ИЫҰ сынды халықаралық ұйымдарда төрағалық ету - еліміздің халықаралық деңгейдегі беделін көрсетті. Еуропалық саяси қайраткерлер мен ғылыми орта өкілдері: «Н. Ә. Назарбаев елдің саяси элитасы және тұрғындарымен бірге Қазақстанды Орталық Азияның басқа мемлекеттерімен салыстырғанда, қауіпті төңкерісті шиеленістерді айналып өтіп, эволюциялық жолмен ауқымды демократиялық реформаларды жүргізуге барынша дайын елге айналдырды». ... Тұңғыш Президентіміздің даналығы мен көрегендігі - әлемдік қауымдастықты тарихи өлшем бойынша жас мемлекеттің пікірімен есептесіп, олардың құрметі мен мойындауына ие болды. Сондықтан, президенттік уәкілеттіліктің тоқтауына қарамастан, Елбасының тәжірибесі мен білімі, көзқарасы мен кеңестері алдағы уақытта да аса өзекті және әлемдік саяси сахнада мол сұранысқа ие бола бермек, – делінген оның үндеуінде.
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Ерман «Елбасының халықаралық бастамаларын заң шығарушылық қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.
– Елбасының халықаралық бастамалары әлеуетінің өзектілігі ағымдағы және ұзақмерзімді тарихи болашақта сақталары сөзсіз. Бейбітшілік пен тұрақты даму мүддесінде ұсынылған идеялар халықаралық ынытамақтастықтың түрлі салаларындағы ахуалдың оң дамуына игілікті әсер етуде және жаһандық күн тәртібінің танылған құрамдасына айналды, - деп атап өтті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан «Елбасының халықаралық бастамалары Қазақстанның сыртқы саясатының негізі» атты баяндама ұсынып, онда еліміздің сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін атады.
– Н.Ә.Назарбаевтың еркі - мемлекеттік саясат пен еліміздің сыртқы саясатының бағытын қалыптастыруда әрдайым көрініс тапты. Сондықтан, Қазақстандағы мемлекеттік құрылысты оның Тұңғыш Президентінің тұлғасынан бөліп қарау мүмкін емес. Мұндай қорытындының қалыптасуына Елбасының жеке қасиеттері, харизмасы мен халықаралық танылуы себеп болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті қысқа мерзімде заманауи әлемнің саяси элиталары қатарынан ойып, өз орнын алды, өйткені оның тұлғасын тұрақтылық және ашықтықпен байланыстырады. Тұңғыш Президенттің сындарлы сыртқы саясаты халықаралық қоғамдастық үшін тұрақтылықтың жарқын үлгісіне, серпінді және гүлденген мемлекет дамуының моделіне айналды», - деді М.Баймұхан.
Сонымен қатар, конференция жұмысына Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Селим Хазбиевич, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Марат Сырлыбаев («Халықаралық стандарттар бойынша білім: Елбасы бастамалары»), бұрыңғы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (1991-1994жж.), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының профессоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Төлеутай Сүлейменов («1991-1994 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саясат бастамалары»), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор Зарема Шәукенова («Ядросыз әлемге жол: Елбасы бастамалары»), экономика және менеджмент жөніндегі қолданбалы ғылымдар Швейцарлық мектебінің ректоры Доминик А.Г. Джордан (бейнебаяндама: «Қазақстанның бейбітшілік пен танымға қосқан бірегей үлесі»), Jamestown Foundation саяси ғылымдар докторы, профессор Теодор Карасик (бейнебаяндама: «БАӘ-нің Қазақстандағы стратегиясы»), Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясы Солтүстік-Батыс басқару институтының әлеуметтік технологиялар кафедрасының меңгерушісі, «Русская мечта» зерттеу талдамалық орталығының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Инна Ветренко («Еуразиялық интеграция Н.Ә.Назарбаевтың перспективалық жобасы: тарихы және болжамдар»), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Башмаков («Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнен ғаламшардағы бейбітшілік және қауіпсіздікке дейін»), PhD докторы, Эгей университеті түрік әлемін зерттеу институтының профессоры Экижи Метин (бейнебаяндама «Түркілік қарым-қатынастар»), Лешнодағы Ян Амос Коменский атындағы қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры, профессор Мачей Петшак (бейнебаяндама: «Барша әлемдегі бейбітшілікті нығайтудағы университеттер халықаралық ынтымақтастығының мәні мен рөлі»), ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Белла Газдиева («Еліміздің интеллектуалдық әлеуетін дамыту бойынша Н.Назарбаевтың жаһандық бастамалары»), Ресей ғылым академиясы Қиыр Шығыс институтының профессоры, саяси ғылымдар докторы Владимир Петровский (бейнебаяндама: «Н.Назарбаевтың саяси ойшыл ретіндегі мұрасы»), Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректорының кеңесшісі, саясаттану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD) Индира Рыстина («Жаһандық сын-қатерлердің алдын алудағы Н.Назарбаев бастамаларының рөлі»).
Онлайн-конференция екі сағаттан астам уақытқа созылды. «Н.Ә.Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдылықтар» атты онлайн-конференциясының баяндамалары жеке басылым болып шыққанын атап өткіміз келеді. Сондай-ақ, жинаққа онлайн-конференция қатысушыларының 40-тан аса мақалалары енді. Барлық баяндамалар мен мақалалар көпшілік оқырмандардың қызығушылығын тудырары сөзсіз және тәжірибеде қолдануға болады.
Ә.Рахымжанов конференцияны қорытындылай келе барлық қатысушыларға, оның ішінде Қазақстанның сыртқы саясат бастамаларын талдаған және оларды жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөліне жоғары баға берген баяндамашыларға алғысы мен құрметін білдірді.