Спорт • 29 Мамыр, 2020

Теннис: Микаэль Врбенски жеңімпаз атанды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Чехияда өткен CTS Presidents Cup турнирінің ерлер арасындағы бәсеке Микаэль Врбенскидің жеңісімен аяқталды.

Теннис: Микаэль Врбенски жеңімпаз атанды

Жергілікті теннисшілер арасында ұйымдастырылған жарыстың финалында Микаэль Врбенски мен Зденек Коларж күш сынасты. Аса шиеленісті өткен сайыста әлемнің 405 ракеткасы 6:4, 6:7 (5:7), 7:6 (10:8)   есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, әйелдер арасындағы бәсекеде де WTA рейтингінде 12-орында тұрған Петра Квитоваға тең келер ешкім табылмаған еді. Бұл теннисші бұған дейін  2011 және 2014 жылдары Уимблдон турнирінде топ жарса, былтыр Аустралия ашық біріншілігінің финалында өнер көрсетті. 2012 жылы Ролан Гарростың жартылай финалына дейін жетті. 2015 және 2017 жылдары АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалында шеберлік байқасты. 2016 жылы Рио Олимпиадасының қола медалін мойнына ілді.