Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жүргізілуде

606 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда қазіргі таңда периметрлер бойынша жаяу жүргіншілер жолдарына жөндеу, қалпына келтіру жүргізілуде. Бұл туралы Ақтау қалалық әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтауда жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жүргізілуде

4-шағынаудандағы жаяу жүргіншілер жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда. Мердігер – «Ағашты -1» мекемесі. Жөндеу жұмыстарын 3 ай ішінде толығымен аяқтау жоспарланып отыр. Жаяу жүргіншілер жолының аумағы – 6 мың шаршы метр.

- Бүгінгі таңға дейін 420 шаршы метр аумаққа асфальт төселді. 4-шағынауданның сыртқы периметрінің жаяу жүргіншілер жолына жөндеу жұмыстарының басталу себебі: екі жағындағы бетон жақтаулар кетіп қалған, асфальт беті шұрық тесік, жарылып кеткен. Негізі дефектілік актілері бұрынғы жылдары жасалған еді. Қаржының тапшылығына байланысты, бұл жұмыстар кейінге қалдырылып келді. 3 айдың ішінде түгелімен жаяу жүргіншілер жолы ауыстырылады, дейді Ақтау қалалық тұрғын-үй комуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Ақыбаев.

3-шағынаудан периметрінің жаяу жүргіншілер жолы жөндеуден өтуде. Жалпы аумағы 1,9 шақырым  болатын тротуар кезең-кезеңмен жөнделмек. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша тұрғындардың жүріп- тұруына ыңғайсыздық тудырмау мақсатында, жаяу жүргіншілер жолы 200 метрден кезекпен жөнделіп тұрмақ. Бүгінде алғашқы 200 метр аумаққа демонтаж жасалып, жиек тастар орнатылуда. Жұмыстарды екі ай ішінде аяқтау жоспарланған.Мемлекеттік сатып алу арқылы «Беркан» ЖШС жеңімпаз болып анықталды. Жұмыстар уақытылы жүргізілетін болады.

8а-шағынаудан периметрінің жаяу жүргіншілер жолы да жасалады. Жеңімпаз «Global west constraction» ЖШС анықталды. Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, тіреу қабырғаларын сырлау, 14-15 шағынаудандардағы кіші баннерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын алаңдарымен спорт алаңдарына сырлау жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, қала аумағындағы ескерткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстарды атқарды.        

 

 

Маңғыстау облысы