Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдық ағайындарға көмек қолын созуға батыстағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы мен «Бірлік» еріктілер тобы, «Достық» қазақ-вайнах пен «Patriot» спорт клубы, сонымен бірге «Кадыргалиев Т.А.» ЖК, «UralskRunners» жүгірушілердің клуб мүшелері атсалысып, қаражат жинауға сеп болған.
Ал, Батыстан Оңтүстікке дейін жол тартқан көмек көлігін Түркістан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Мақтаарал аудандық филиалы мамандары, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері күтіп алып, гуманитарлық көмек қоймаға тапсырылды.
Түркістан облысы