Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Мақтаарал: Өргебаста үйлер салына бастады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақтаарал ауданындағы топан су басқан Жаңажол ауыл округіне қарасты  Өргебас ауылында алғашқы үйдің қабырғасы қаланып,  үш баспананың іргетасын құю жұмыстары басталды.

Мақтаарал: Өргебаста үйлер салына бастады

Ауыл округінің әкімі Молдабек Битеміровтің айтуынша, жалпы Өргебас ауылында 189 үй бар. Соның бүгінде 138-інің иесіне Үкімет тарапынан 17 млн теңгенің 50 пайызы яғни, 8,5 млн теңгесі толық аударылған. Қазіргі уақытта мұнда 162 үйді бұзу және  45 баспананың іргетасын құю жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Өргебас ауылынан өз үйінің құрылысын алғаш боп бастағандардың бірі – Камал Сапаров. Бүгінде ол үйінің қабырғасын жартылай көтеріп үлгерген. «Үкіметімізге рақмет, уәде еткен 17 млн теңгенің 8,5 млн. теңгесін берді. Сол қаржыға құрылыс материалдарын сатып алып, жұмыстарды бастап жібердік. Барлық қажетті көмектер берілуде. Тек енді бізге құрылысшылар қажеттілігі туындауда. Ақшасын келісіп, жұмыс ұсына аламыз. Үй салушылар жергілікті өзіміздің ауданнан болса, тіпті жақсы болар еді», дейді Камал Сапаров.

Бұдан бөлек, ауылды күл-қоқыстан тазарту, үй бұзу, аула тазалау жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Бұл жұмыстарға 175 адам мен 6 арнайы техника тартылған.

 

 

Түркістан облысы