Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Қарағанды облысы: 34 тұрғыннан COVID-19 белгісі табылды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында өткен тәулік ішінде 34 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны зертханалық негізде расталды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысы: 34 тұрғыннан COVID-19 белгісі табылды

Науқастар бұрын жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде және скрининг барысында анықталды. Олардың 15-і Теміртау, 13-і Қарағандының тұрғындары. Сондай-ақ, ауырғандар арасында Абай ауданының төрт тұрғыны және Саран қаласы мен Бұқар жырау ауданында тұратын бір-бір тұрғыннан бар.

Пациенттердің барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Дәрігерлер олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екенін айтады. Індет шыққан ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

28 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында КВИ жұқтырудың 788 оқиғасы тіркелген. Оның ішінде үш науқас «жаман тұмаудан» көз жұмды және 217 адам жазылып шықты. 

 

Қарағанды облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше