Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

Педагог жұмысқа тартылған жағдайда қайда жүгіне алады?

506 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін брифингте қалалық білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бағым Көптілеуова «Мұғалім мәртебесі туралы» Заңнан туындайтын шараларды түсіндірді. Сондай-ақ ведомство тарапынан пандемия кезінде атқарылған жұмыстар туралы айтып, оқу жылының кейбір қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Педагог жұмысқа тартылған жағдайда қайда жүгіне алады?

«Республикада мұғалімнің кәсіби қызметін жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ерекше мәртебесі танылады. Мектепке келген жас педагогқа бір оқу жылы кезеңінде педагог-тәлімгер бекітіледі және оған қосымша ақы төленеді. Заңмен педагогтің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орын беру, жұмыс орны бойынша сайлау және сайланбалы қызмет атқару, барлық ер-педагогтарды, соның ішінде қала мектептерін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру бөлігінде құқықтары кеңейтілді», – деді Б. Көптілеуова.

Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап департамент педагогтарды олардың қызметіне тән емес жұмыстарға тарту және қосымша есептілікті талап ету бойынша мониторинг жүргізеді.

«Осы мақсатта біз кәсіби міндеттермен байланысты емес жұмыс түрлеріне педагогтарды тартуға жол бермеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргіземіз. Бұзушылық фактілері анықталған жағдайда тиісті тәртіптік ықпал ету шаралары көзделген. Осындай фактілер бойынша педагогтар біздің департаментке хабарласа алады», – деп атап өтті Б.Көптілеуова.

Сонымен қатар 14 наурыздан бастап 39 колледжді қамтитын колледж студенттеріне қашықтан оқыту технологияларына қолжетімділіктің болуына мониторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша барлық колледждерде студенттерді қашықтан оқытуға ауыстырылғаны, кейбір колледждерде қашықтан оқыту технологияларына қолжетімділіктің жоқтығы, интернет жылдамдығының төмендігі фактілері анықталды. Бүгінде бұл мәселелер шешілді.

«Біз күн сайын сайттар мен әлеуметтік желілерден, call-орталықтардан, телефон арқылы жүгінулерден қаланың білім саласына қатысты ақпаратты анықтаймыз. Тәртіп бұзушылық фактілерін жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл қарастырамыз және дереу көмек көрсету бойынша шаралар қолданамыз», – деп атап өтті департамент басшысы.