Коронавирус • 30 Мамыр, 2020

Алматыда тағы 37 адам Covid-19 жұқтырған

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ПТР жүргізілген диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша COVID-19 вирусы 37 адамнан анықталды: олардың 11-і – профилактикалық тексеруден өту кезінде, 15-і – вирусты жұқтырған адамдармен байланыс жасағандар арасында анықталды, 4-і – ауруханаға жатқызған кезінде дәлелденді, 7-і – жұмыс барысында тіркелген.

Алматыда тағы 37 адам Covid-19 жұқтырған

Барлығы қаланың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды.

Қазіргі уақытта ауырған адамдардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес емделіп жатыр. Ошақтарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде.

29.05.2020 ж. жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 2499 адам тіркелген, олардың 1451-і сауығып, шығарылды.