Фото авторы: Максим Золотухин
Жиын барысында Алматыда корона-дағдарысқа дейін жұмыс істеп тұрғандарының 76 пайызы айналымда қаржы қалмағандықтан, қиын жағдайда екені белгілі болды. Егер, жағдай осылай жалғаса берсе, Алматыдағы туристік агенттіктердің 21 пайызы банкрот болуы әбден мүмкін. «Несие алу қиындап кетті. Себебі күні бүгінге дейін қызмет көрсету орындары жиі жалға беріледі. Қаржы институттарының кепілдігімен туризм субъектілерін несиелеу мүмкіндігін қарастыру керек», дейді Шайкенова.
Кәсіпкерлер сияқты, туристік индустриясының өкілдері енді аз күнде жұмысқа оралатын қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесі шындап ойландыра бастады. Себебі көптеген қызметкерлер жалақысыз еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған. Сол себепті сала өкілдері ЕДБ арқылы жеңілдетілген несие беруді көздейтін туристік бағдарламаны әзірлеу туралы ұсыныспен шығуды ойластыра бастады.