Аталған іс-шараға Ішкі істер министрінің кеңесшісі Берік Біләлов, ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің консультанты Эльмира Хисамутдинова, сондай-ақ осы жобаны жүзеге асыруға көмек көрсететін волонтерлер қатысты.
Ведомствоаралық топтың менеджері Мейрам Валеев еріктілердің тікелей қатысуымен өткізілген жұмыстың нәтижелерін таныстырды. Бұл – «пилоттық» аумақта халыққа сауалнама жүргізу және киберволонтерлердің заңға қарсы Интернет-контентті анықтау бағытындағы атқарған жұмыстары болатын.
Министрдің кеңесшісі Берік Біләлов өз кезегінде полицияны жаңғырту, ішкі істер органдарына сандық технологияларды одан әрі енгізу, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған қазіргі заманғы полицейдің имиджін құру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы айтып өтті, сондай-ақ осы бағыттағы волонтерлік қозғалыспен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, кеңесші «ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халықтың полицияға сенімін арттыру мақсатында халықпен жұмыстың жаңа форматтарының маңыздылығына, қоғаммен өзара іс-қимылды жақсартуға ерекше назар аударады. Министрдің тұрақты бақылауындағы осындай шаралардың бірі – учаскелік полиция инспекторларының, ІІО аумақтық бөлімшелері басшыларының есептік кездесулері».
Кездесу барысында жұртшылық жол қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Кездесу соңында А. Сайтбеков еріктілерге шетін мәселелерге бейжай қарамай, біздің қоғамның әл-ауқатын арттыруға өз үлесін қосқандары үшін алғыс айтып, Министрдің осы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.