Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Қызылорда қаласында 200-ден аса көше жөнделеді

39 рет көрсетілді

Қызылордада биыл «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» бағдарламасы аясында біраз бастама жүзеге асады. Бұл туралы бүгін қалалық  баспасөз орталығында өткен брифингте қала әкімінің орынбасарлары мен сала басшылары айтып өтті.

Облыс орталығын абаттандырумен қатар 200-ден аса көшеге орташа және күрделі жол жөндеу жасалады. Алпыс сегіз көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынады. Отыз ойын алаңы  салынып, 70 аялдама орнатылады, тозығы жеткен ауыз су және кәріз су желілері жөнделеді.

Қызылорда-Жезқазған трассасы бойынан бой көтеретін 600 орындық мектеп қаладағы білім нысандарының санын арттырмақ.  Сонымен қатар, 4 мектеп пен 2 балабақша қайта жаңғырту мен күрделі жөндеу жұмыстарынан өтеді. Бұған қоса, 3 мәдениет нысаны жаңартылады.

Биыл 200-ден аса көше жөнделеді. Олардың сапасына баса мән беріледі. Осы үшін қала әкімінің тапсырмасымен арнайы халықтық бақылау тобы құрылған,- деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Бердібаев.

Қала әкімінің тағы бір орынбасары Бектас Нұридинов жоба аясында жыл көлемінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 4523 адам тұрақты жұмыспен қамтылатындығын атап өтті.

Бұл бағдарлама аясында жұмыс іздеуші азаматтар үшін қалалық  жұмыспен қамту орталығы мобильді топ жұмысын ұйымдастырып, мекенжайларда жұмысқа орналасу жолдарын түсіндіру бағытында жұмыстар жүргізуді қолға алған.  

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар