Аймақтар • 30 Мамыр, 2020

Алматы: Балабақшаға баланы кімдерге әкелуге болмайды?

574 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 33 «Нысанның жұмысын ұйымдастыру тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Қаулыдағы нұсқаулыққа сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтаған жағдайда балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда (жасы бойынша) кезекші топтар ұйымдастырылатын болады.

Алматы: Балабақшаға баланы кімдерге әкелуге болмайды?

Карантин жағдайында балабақшалардың жұмысқа дайындығын объективті түрде бағалау мақсатында Білім басқармасының бұйрығымен құрамына эпидемиолог-мамандар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері, аудандық әкімдіктер мен Білім басқармасының, «Nur Otan» партиясының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірген 9 мониторингтік топ құрылды.

Қазіргі уақытта мониторингтік топтармен мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекші топтардың дайындығы тексерілуде.

Кезекші топтар мониторингтік топтардың жұмыс қорытындысы бойынша берген дайындық актісін алғаннан кейін ғана ашылады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарын ашу үшін келесі санитарлық-эпидемиологиялық режимді қатаң сақтау қажет:

- балаларды кезекші топтарға учаскелік педиатрдың денсаулығы туралы берген анықтамасымен қабылдау, одан кейін бала 3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда тексеріп қабылдау;

- баланы мектепке дейінгі ұйымдарға мына санаттағы тұлғалардың әкелуіне болмайды: соңғы 14 күнде коронавирус жағдайлары тіркелген шет елдерден және өңірлерден келген тұлғалар, жүкті әйелдер, 65 жастан асқан тұлғалар, өткір респираторлық ауру белгілері байқалған тұлғалар;

- қызметкерлерді жұмысқа COVID-19-ға (ПТР, күні 7 күннен кешіктірілмеген) зертханалық зерттеудің теріс нәтижесі болуы ұсынылады.