Аймақтар • 31 Мамыр, 2020

Маңғыстауда суреттер байқауы қорытындыланды

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза болса табиғат - аман болар адамзат» республикалық суреттер байқауының қорытындысы белгілі болды, - деп хабарлайды Маңғыстау облысы экология департаментінің баспасөз қызметі.

Маңғыстауда суреттер байқауы қорытындыланды

Байқау жыл сайын 5 маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Бұл жолғы балалар шығармалары да түрлі тақырыптарға арналған.

Байқауға Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Қоршаған ортаны қорғау, балалардың экологиялық мәдениетін арттыру, әлеуметтік және экологиялық жауапты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға 19 сурет ұсынылған болатын.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері өздерінің табиғат пен оның маңызы, қоршаған ортаны қорғау туралы ойларын ақ парақтарға бейнелеумен қатар қоршаған ортаны қорға туралы түсініктерін молайта түсті.

Жеңімпаздар мақтау қағаздары және бағалы естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Маңғыстау облысы