1900 жылы энциклопедия Қазанның Императорлық университет баспасында қайта басылған. Осы басылымның бір данасы 2018 жылы кітапханаға ұсынылған болатын. Оны қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы жүргізді.
Осыған орай, Әлихан Байменовпен онлайн режімде кездесу өтіп, энциклопедияның тұсаукесері өтті. Көрермендерге кітапты таныстырып ғана қоймай, Әлихан Мұхамедиұлы тікелей эфирде өзге де өзекті мәселелерді көтерді. Қызықты, мазмұнды әңгімелер айтылып, барлық сұрақтарға жауап берді.