Заңсыз қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығы басқармасының төрағасы Владимир Гриневтың жеке мұрағатынан алынған (504 қор) материалдар негізінде Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арнап виртуалды көрме өткізді.

Көрме көпшілікке ГУЛАГ пен Карлагтың 1937 жылғы карталарын, «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы түсіндірме жазбасын, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік министрлігінің хаты мен оған қоса 1938 жылғы атылған азаматтардың тізімін, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы 1997 жылғы Президент Жарлығын, саяси құрбандарды ақтау туралы Заңын, Карлагтың Ақмола бөлімшесінде болған саяси баптар бойынша сотталған әйелдер мен олардың ішінара толықтырылған тізімін, сондай-ақ 30-шы жылдары зардап шеккен отандастарымыз туралы басқа да тың деректерді ұсынды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың 27 сәуіріндегі «Тұрақтылық. Бірлік. Жаңғыру» тақырыбында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында сөйлеген сөзінде: «Биылғы жылдың үлесіне біз ұмытпауға тиісті бірден екі дата дөп келіп отыр. Бұл – 30-шы жылдардың басындағы жаппай аштықтың 80 жылдығы мен сталинизмнің жаппай саяси репрессиясының шегіне жетуінің 75 жылдығы.
Бұл қасіреттердің орны толмайды. Ең жалпылама есеп бойынша аштық пен аурудан Қазақстанда, Беларусьте, Ресейде және Украинада 7 миллионнан астам адам көз жұмған.
Сол кезде аштықтан қаза тапқандардың бір жарым миллионнан астамы Қазақстанға тиесілі. 600 мың қазақ аштық пен аурудан құтқарыламын деп туған жерін тастап кетуге мәжбүр болды. Біз мұны ұмытпауға тиіспіз!» – деп зобалаң жылдар қасіреті ешқашан жадымыздан өшпейтінін еске салған болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Ғазиза Исахан мұрағат қорында Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашаршылыққа қатысты тарихи құжаттар арнайы жинаққа топтастырылғанын алға тартты.
«КСРО-дағы ашаршылық: 1929-1934 жж.» құжаттар жинағының сериясы Ресей Федеральды агенттігінің бастамасымен, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының архив мекемелерінің тартылуымен 2006 жылы басталып, 2011-2013 жылдары 3 томдық құжаттар жинағы басылып шықты, 2000-нан аса құжаттар ғылыми айналымға енді.
2012 жылы еліміздегі архив саласының уәкілетті органының бастамасымен қазақ ауылының дәстүрлі жүйесінің күйреуі, 1932-1933 жылдардағы алапат аштықтың шындығын нақты деректер мен дәйектер негізінде көрсету мақсатында «Қазақ ауылының қасіреті. 1928-1934» («Трагедия казахского аула. 1928-1934») атты 3-томдық құжаттар жинағын шығару жоспарланды, 1-томы 2013 жылы, 2-томы 2018 жылы жарық көрді.
Бұл жинақтардың жарыққа шығуы тарихи шындықты ашуға және қоғамда болған өткен оқиғаларды түсінуге мүмкіндік береді. Архив құжаттары сол кезеңнің оқиғаларымен қатар, ашаршылықтың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық зардаптары туралы білімімізді кеңейтеді, КСРО-дағы ашаршылыққа халықаралық реакция туралы ақпарат «КСРО-дағы ашаршылық: 1929-1934 жж.» жинағының 3-томында топтастырылған» дейді маман.
Тарихи деректерге сүйенсек, ҚазОАК мен ҚазОАК ХКК қаулыларын қайта зерделеу үшін құрылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясы 1991 жылғы 12 қарашадан 1992 жылдың қарашасына дейін жұмыс істеген. Комиссия жұмысының қорытындылары бойынша ауқатты шаруаның мүлкін тәркілеу, оны жаппай жер аудару жөніндегі озбырлық акциялары, көшпенді және жартылай көшпенді шаруашылықтарды ұжымдастыру мен отырықшыландыру, халықтан ауылшаруашылық өнімін алып қою жөніндегі зорлық-зомбылық науқандары заңсыз, адам құқықтарына қайшы келеді деп есептеліп және оларды мемлекеттің өз халқына қарсы қылмысы деп бағаланды.
Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) делегациясы 2009 жылы ХХ ғасырдың 30-жылдары алапат ашаршылық болған бұрынғы КСРО республикаларын аралады. Олар сол кезеңнің тарихи құжаттарымен танысты, зерттеді. 2010 жылы ЕКПА өзінің № 1723 қарарында адам құқықтарын таптаған, миллиондаған адамдарды өмір сүру құқығынан айырған тоталитарлық сталиндік тәртіпті әшкереледі. Осы қарарда алапат ашаршылық кезеңінде ең көп шығынға ұшыраған Қазақстан, Ресей және Украина туралы жеке бөлімдер бар.
Алтыншы бөлімде: «Қазақстанда да миллиондаған адам жаппай ашаршылық құрбанына айналды, олар жалпы халықтың санына шаққанда, бұрынғы КСРО-ның барлық халықтарының ішінде неғұрлым жоғары болған. Дәстүрлі көшпенділер, ірі қара өсірген қазақтар отырықшылыққа мәжбүрленді және үй-малынан айырылды. Алапат ашаршылық қазақ халқының жадында ең ауыр қасірет болып қалады» – делінген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жолдаған Үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылатыны айтылған болатын. Осыған орай жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірленетіні, қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санаты бекітілетіні, ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірленетіні, ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қараумен айналысатыны мәлімделді. Ендеше мұрағат қорына енетін тарихи құжаттар мұнымен шектелмей, алдағы уақытта тағы да біраз тың дерекпен молыға түскелі тұр.
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ұқсас жаңалықтар