Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында еліміздің білімі мен ғылымын дамытуға қатысты нақты тапсырмалар бергені белгілі. Әсіресе Президенттің ғылымға бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтып, жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеулермен шұғылдануына жағдай жасау керектігі жөнінде айтқан ойлары бізді қанаттандырды.

«Үкімет іргелі ғылым мен зерттеу институттарының базалық қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастыруы қажет. Проблемалы мəселелердің бірі – зерттеулер үшін құрал-жабдықтардың жетіспеуі. Бұл проблеманы шешу қажет. Ірі отандық кəсіпорындардың, компаниялардың технологиялық алаңдарын жоғары оқу орындарымен жəне зерттеу институттарымен байланыстыру да маңызды. Үкіметтен жəне сарапшылардан тиісті ұсыныс əзірлеуді өтінемін» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Президент айтқан ірі отандық кəсіпорындардың, компаниялардың технологиялық алаңдарын жоғары оқу орындарымен жəне зерттеу институттарымен байланыстыру мәселесіне қатысты ой қоссам деймін. Біздің университет еліміздегі техникалық саладағы іргелі оқу орны ретінде бұл бағытта бірнеше жылдан бері жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Кәсіпорындармен де, компаниялармен де, ғылыми-зерттеу институттарымен де тығыз байланыстамыз. Бір ғана мысал келтірейін. Оқу орнымыз Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты және Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп медициналық имплантанттар шығаруды қолға ала бастады. Бұл үшжақты ауқымды жоба 2017 жылы басталған болатын. Жобаны жүзеге асыру үшін университет базасында елімізде алғаш рет травматология мен ортопедияға қажет медициналық имплантанттар өндірісі үшін тәжірибелі-өндірістік аймақ құрылды. Аумағы 300 шаршы метрді құрайтын бұл жерге мемлекеттің қолдауымен металлға арналған 3D принтер, металл өңдейтін станоктар, вакуммды пеш секілді 26 заманауи өндірістік және талдау құрылғылары сатып алынды. Жай ғана сатып алып қоюмен шектелген жоқпыз, университет ғалымдары осы құрылғылармен жұмыс істеп, отандық медицинаға аса қажет бұйымдарды жасап та шығарды. Атап айтсақ біздің оқу орнының ғалымдары Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының тапсырысына сәйкес 8 түрлі медициналық имплантант әзірледі. Оны өзіміздегі металлға арналған 3D принтерден басып шығардық. Қарапайым тілмен түсіндірсек, біз әзірлеген медициналық имплантанттарды, яғни металлдан әзірленген әртүрлі көлемі шағын құрылғыларды дәрігерлер науқастардың қол, аяқ, иық, адамның басқа да дене мүшелерінің сүйектерін жалғап, бітістіруге қолданатын болады. Ғалымдарымыз Нұр-Сұлтандағы зерттеу институтына ТМД елдері аумағындағы елдердің медицинасында кеңінен қолданылатын ВТ6 титан құймасын (құрамы – титан, ванадий, алюминий) дайындап, алғашқы үлгісін ұсынды. Бұдан бөлек Ti-Nb-Ta деп аталатын отандық медицинада бұрын-соңды қолданылмаған медициналық имплантанттың жаңа түрі шығарылды. Бұл құйманың құрамында титан, тантал, ниобий сияқты металлдар бар. Ғалымдардың пайымынша, ВТ6 титан құймасынан гөрі Ti-Nb-Ta құймасының адам ағзасына жағымды әсерлері мол. Құйманың жаңа түрі клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтті. Енді отандық медицинада қолданылуы мүмкін. «Проблемалы мəселелердің бірі – зерттеулер үшін құрал-жабдықтардың жетіспеуі» деді ғой Президент. Бізде бұл тұрғыда мәселе жоқ. Ғылыммен айналысуға қажет құрал-жабдықтарымыз да, білікті ғалымдарымыз да бар. Мақсатымыз – отандық медицинаға қажет отандық өнімдер әзірлеу. Жақында облысымызға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Асқар Мамин тәжірибелі-өндірістік аймақты көріп, жоғары баға берді. Нұр-Сұлтан қаласындағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты медициналық импланттардың көпшілігін шетелден алатынын білеміз. Осы дүниелерді неге өзімізде жасамасқа?! Сонда сапасы да жақсы, әсіресе бағасы да қолжетімді болып, қаншама отандастарымыздың дер кезінде ем алуына септігіміз тиер еді деп ойлаймын. Президентіміздің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысындағы сөздері жоғары оқу орындарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда жоғарыда сөз еткен бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жандандырып, жетілдіріп, елордадағы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, импланттанттардың күрделі түрлерін жасамақ ойымыз бар.
Жасұлан ШАЙМАРДАНОВ,
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры
Тілсіз жау соңғы аптада ғана төрт адамды мерт қылды
Аймақтар • Кеше
Қор нарығынан пайда табуға болады
Экономика • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кішкентай көрермен кімге өкпелейді?
Театр • Кеше
СҚО-да су тасқыны қаупі күшейді
Аймақтар • Кеше
Құтқарушы әйел қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Аймақтар • Кеше
Елордада «Шәмші» мюзиклі көрермен назарына ұсынылды
Театр • Кеше
Футзал: Қазақстан құрамасы көш басына шықты
Футбол • Кеше
Ақтөбе облысының Темір ауданына әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Ұлытау ауданының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сегіз облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Жамбыл облысында бірқатар кадрлық тағайындаулар болды
Тағайындау • Кеше
Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы көш басында
Медицина • Кеше
Аягөзде аулада тұрған көлік ұрланған
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында жойқын жол апатынан 7 адам қаза тапты (Видео)
Аймақтар • Кеше
Мәжіліс Төрағасы Қырғыз Президентімен кездесті
Парламент • Кеше
Елбасы Қырғыз Республикасының Президентімен кездесті
Елбасы • Кеше
Алматыда өрт қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Қостанайда мұғалімдер мен полицейлерге вакцина егу басталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Тбилисиге тұрақты әуе рейстері қайта ашылады
Қазақстан • Кеше
Атырау облыстық экономикалық тергеу департаментіне жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
Дәурен Кеңбейіл қаржы вице-министрі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Елордада тілсіз жаумен күрес қалай жүргізілуде?
Аймақтар • Кеше
Ғылыми саланы жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбеде «Игі істер» марафоны басталды
Аймақтар • Кеше
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Кеше
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Кеше
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Кеше
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Кеше
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Кеше
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Кеше
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Кеше
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Кеше
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Кеше
Қазақстан эпидемиялық ахуал бойынша "жасыл" аймаққа оралды
Қазақстан • Кеше
1-5 сынып оқушылары аралас форматта оқитын болады
Білім • Кеше
Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Жамбыл облысында жұмыспен қамту жалғасуда
Аймақтар • Кеше
Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады
Аймақтар • Кеше
Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу қойылды
Экология • Кеше
Аула хоккей лигасының V маусымы аяқталды
Спорт • Кеше
Ақмола облысында ауыл мектебіне жаңа автобус табыс етілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар