Әлем • 01 Маусым, 2020

Әлемдегі ахуалға шолу: Армения премьер-министрі мен оның отбасы вирус жұқтырды

100 рет көрсетілді

Бұл топтамада әлемнің 188 елінде тараған COVID-19 вирусына қатысты соңғы жаңалықтарды жариялап отырамыз.

1 маусымда Johns Hopkins University (JHU) ұсынған мәлімет бойынша вирус жұқтырғандар саны - 6 166 946, өлім саны - 372 035айыққандар саны - 2 641 329 адам болды (жаңартылған уақыты 09:30).

15:45

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян мен оның отбасы мүшелері коронавирус жұқтырды

Бұл туралы премьер-министр бүгін өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Мен коронавирусқа тест тапсырдым. Өкінішке қарай, менен коронавирус инфекциясы табылды. Осыдан кейін отбасымның мүшелері тест тапсырды, олардан да инфекция анықталған. Бірақ, ауру белгілері жоқ, дене қызуы да қалыпты. Қазіргі таңда барлығымыз оқшауландық. Үйде отырып жұмыс істеймін. Ол үшін барлық жағдай жасалған»,- деді Никол Пашинян.

Ол коронавирусты жиналыстардың бірінде  официанттан жұқтыруы мүмкін екенін айтты.

Қазіргі таңда Арменияда вирус жұқтырғандар саны 9282-ге жетті.

123123

15:30

Өткен тәулікте Латвияда вирус жұқтырудың жаңа жағдайы анықталмады

Өткен тәулікте Латвияда індет жұқтырған науқас тіркелген жоқ. Бұл туралы Латвияның Ауруларды алдын алу және бақылау орталығының өкілі хабарлады.

«Жалпы елімізде коронавирус жұқтырудың 1066 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте жүргізілген 652 тест нәтижесінде бірде-бір адамның вирус жұқтырғаны анықталмады», - деді ресми өкіл.

Латвияда пандемия басталғалы бері 109 723 тест жасалған, қазіргі уақытта аурудан айыққандар саны – 745.

 123123

 

09:30

Дүниежүзінде 6 166 946 адам коронавирус жұқтырды.

372 035 адам қайтыс болды.

2 641 329 науқас құлан-таза айықты.

АҚШ-та 1 790 172 жағдай тіркелді, 444 758 адам сауығып шықты, 104 381 адам қайтыс болды.

Бразилияда 514 849 жағдай тіркелді, 206 555 адам сауығып шықты, 29 314 адам қайтыс болды.

Ресейде 405 843 жағдай тіркелді, 171 883 адам сауығып шықты, 4 693 адам қайтыс болды.

Ұлыбританияда 276 156 жағдай тіркелді, 1 190 адам сауығып шықты, 38 571 адам қайтыс болды.

Испанияда 239 479 жағдай тіркелді, 150 376 адам сауығып шықты, 27 127 адам қайтыс болды.

Италияда 232 997 жағдай тіркелді, 157 507 адам сауығып шықты, 33 415 адам қайтыс болды.

12,3

 

Соңғы жаңалықтар

Тілге құрмет – елге құрмет

Саясат • Бүгін, 08:20

Ауру асқынды: дәрі жоқ, маска қымбат

Коронавирус • Бүгін, 08:03

Тордағы тотықұсқа тіл бітірген

Руханият • Бүгін, 07:38

Тархан

Руханият • Бүгін, 06:40

Ел мақтаған Елмұрат

Спорт • Бүгін, 06:25

Ұқсас жаңалықтар