Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Алматылық ұстаз «Үздік педагог» атанды

195 рет көрсетілді

Өткен аптада Алматы қаласындағы Мемлекеттік Техникалық және кәсіптік білім беру колледж педагогтары «Үздік педагог – 2020» республикалық байқауының бірінші кезеңіне онлайн режимде қатысып, бақ сынады.

Білікті кадрларды даярлау үдерісінде педагог кәсібінің мәртебесін көтеру, шығармашылық қабілеттерін анықтау, олардың кәсіптік және тұлғалық өсуін ынталандыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Үздік педагог – 2020» іріктеу байқауына білім беру жүйесінің білікті басшылары, тәжірибелі  жетекшілері әділқазылық жасады.

Атап айтсақ, Алматы қаласы Білім  басқармасы ТжКББ бөлімінің бас мамандары Ізбаева Ү.Ж., Абишаев Е.М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ ББПППС кафедра зертханасының меңгерушісі, республикалық «Алматы ұстазы/Учитель Алматы» журналының жауапты редакторы Асылбек П.Ө., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ ИББжАТ кафедра зертханасының меңгерушісі Бельгибаева М.Б., Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің  әдіскерлері Кенесбаева С.А,.Танирбергенова Г.Б., Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің 1 санатты сарапшысы Ибрагимова Ж. М., «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауының жеңімпазы Мамырбеков Е.М. және колледж басшылары әділқазылар құрамында онлайн режимінде жұмыс жасады. Қазылар алқасының төрағасы Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары К.И.Жуманов, қазылар алқасы төрағасының орынбасары Алматы қаласы Білім басқармасы ТжКББ бөлімінің басшысы  Мұханбетов А.Г., және конкурсты ұйымдастыру комитетінің хатшысы Алматы қаласы Білім басқармасы ҚББЖТҒӘО ТжКББ бөлімінің жетекшісі Г.Ж. Сүлейменова конкурстың ашық, әділ өтуін қадағалады.

1

Екі күн қатарынан онлайн тәртібінде өткен конкурсқа түскен 21 жұмыстың арасынан жүлдегреді анықтау әділқазылар алқасына да оңайға соқпады. Конкурс Ережесіне сәйкес дайындалған кілең мықты педагогтардың  тәжірибесі, методикасы, жетістіктері бірінен-бірі асып түседі. Әйтсе де, конкурстың аты конкурс. Әділқазылар алқасы шешім шығарып, жеңімпаздарды анықтады. 1-орынды Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Н.М. Косерова (директор М.А.Омарбеков), 2-орынды Алматы туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Л.С. Чулакова (директор Н.Ж.Жабықбаев), 3-орынды Алматы электромеханикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Е.С. Ахметов (директор Б.Д.Бозымбаев) иеленді. Жеңімпаз ұстаздар Конкустың қалалық кезеңінде бақ сынайды. Қалалық кезеңде 1-ші орынды иеленген оқытушыға   Алматының «Үздік педагог» атағы беріледі. Сонымен қатар Алматының «Үздік педагог» атағының иегеріне кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді. Қалалық конкурстың жеңімпаздары тамыз-қыркүйек айларында өтетін республикалық «Үздік педагог» атағын беру конкурсына ұсынылады. Республикалық кезеңнің сыйақысы қалалыққа қарағанда әлдеқайда қомақты. Берілетін атақ-дәрежесі де салмақты. Ендеше, Алматының жеңімпаз ұстаздары сыннан сүрінбей өтіп, Алматы шахарын жемісті жеңісімен қуанышқа бөлейді деген сенімдеміз.

2

Соңғы жаңалықтар

Черногориямен ойнайды

Футбол • Бүгін, 07:55

Ұлт аспабы ұлықталды

Руханият • Бүгін, 07:54

Табиғат-ананы бүлдірмес болар...

Руханият • Бүгін, 07:46

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 07:45

Індет, індетпен күрес – міндет!

Медицина • Бүгін, 07:39

Қала рухы

Руханият • Бүгін, 07:37

Абайдың еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 07:30

Жанға сая жасыл белдеу

Экология • Бүгін, 07:13

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 07:08

Екі ақынның жырындағы елорда

Руханият • Бүгін, 07:01

Мерейі үстем Малика

Өнер • Бүгін, 06:40

Біз – волонтерміз!

Қоғам • Бүгін, 06:40

Mercedes өкілі топ жарды

Спорт • Бүгін, 06:35

Адалдың аты озады

Экономика • Бүгін, 06:34

Оттегі өндіретін цех салынады

Экология • Бүгін, 06:28

Қаулы орындалуымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 06:25

Ақ желеңді жандар марапатталды

Медицина • Бүгін, 06:19

Астанадан қанат қаққан...

Руханият • Бүгін, 06:15

Елбасы тағылымы

Елбасы • Бүгін, 06:12

Көгілдір отынға қосыла бастады

Аймақтар • Бүгін, 06:10

Көп қарға мен ақ қарға

Экология • Бүгін, 06:04

Ұлттың батыр ұланы

Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар