Коронавирус • 01 Маусым, 2020

Атақты бапкер Маирбек Юсупов коронавирус жұқтырған

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемді қауызына сыйдырған көзге көрінбейтін індет коронавирус атақты спортшыларды айналып өтпеді. Атап айтқанда, Олимпиада, әлем чемпиондары А.Садулаев, Ш.Шарифов қатарлы белгілі спортшылар дерт жұқтырып, әупірімдеп жазылып шықты.

Атақты бапкер Маирбек Юсупов коронавирус жұқтырған

Сол сияқты атағы әлемге әйгілі еркін күрес түрінен дағыстандық танымал бапкер Маирбек Юсупов індет жұтырғаны жайлы еліміздің күрес түрлері қауымдастығы мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 65 жасты еңсеріп отырған Ресей Федерациясының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 1977 және 1978 жылдары еркін күрестен КСРО чемпионатының чемпионы, 2017 жылдан бастап күрес түрлерінен Қазақстан Республикасы құрамасының кеңесші бапкері, сондай-ақ, 1985-1988 жылдары Моңғолия командасын жаттықтырған бапкер.

Маирбек Нагабекұлының туған жері – Қарағанды қаласы. Азаматтың ұлты – авар.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше