Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 16 адам анықталды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 науқас – Семей қаласы, 4-еуі – Жарма, 3-еуі – Үржар, 2-еуі – Бородулиха және 2 науқас – Шемонаиха ауданының тұрғындары.
Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 13 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде, 1 науқас әйел адамнан шет елден (РФ) келген тұлға ретінде, ЖРВИ белгілерімен түскен 1 науқастан мониторинг жасау кезінде және 1 науқастан скринингтік тексеру барысында алынған. Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
Байланыста болған адамдарды эпидемиологиялық тексеру және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 135 адам тіркелді.
Шығыс Қазақстан облысы
⠀