Суахили тіліндегі кітаптың көркем аудармасын Дар-эс-Саламдағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығының қызметкерлері жасаған. Танзаниялық «Ndanda Mission press» баспасынан 1000 данамен басылып шыққан Шолохов шығармасын африкалықтар мектептер мен кітапханалардан оқи алады.
Айта кетейік, бұл бастама Ұлы Жеңістің 75 жылдығы һәм Шолоховтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.
Бүгінге дейінгі алпыс жылдан астам уақыт ішінде «Адам тағдыры» француз, неміс, поляк, қытай, вьетнам, әзірбайжан және т.б. тілдерде жарияланған. Ресейдегі Кітап палатасының айтуынша, Шолохов творчествосы жалпы саны тоқсаннан аса тілге аударылып, 105 миллион тиражбен жарық көрген.