«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев жұмыс сапарымен Атырау және Маңғыстау облыстарына барды. Бұл туралы компанияның жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.

Сапар барысында Алик Айдарбаев қос өңірдің басшыларымен кездесті. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен COVID-19 індетінің таралуына байланысты Теңіз кен орнындағы жағдай талқыланды. Ал Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен кездесуде Компанияның өндіруші кәсіпорындарындағы вахталық ауысымды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
ҚМГ басшысы жұмыс сапары барысында еншілес кәсіпорындар, сервистік компаниялар басшылары және кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен де жиналыс өткізді. Өз сөзінде Алик Айдарбаев індеттің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында кен орындардағы жағдай тұрақты екенін атап өтті. Сонымен қатар, өндіріс орындарында алдын алу шараларын әрі қарай қатаң сақтауды тапсырды.
- Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша жұмысты жалғастырып, алдын алу шараларын қатаң сақтау маңызды. Бұл – барлық деңгейдегі басшыларға жауапкершілік жүктейді», – деді Алик Айдарбаев.
ҚМГ басшысы Компанияның қаржылық жай-күйіне де тоқталып кетті. Нарықтық жағдайдың теріс әсерін азайту үшін «ҚазМұнайГаз» дағдарысқа қарсы бағдарламаның тұжырымдамасын әзірледі.
- Қазір жағдай күрделі. Компанияны сақтап қалу үшін тиімді шаралар қабылдау қажет. Біз қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шығынды төмендеген кіріске сәйкес келтіруге және дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындыққа бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарламаның тұжырымдамасын әзірледік, - деп атап өтті ҚМГ басшысы.
Іске асырылып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар аясында барлық компаниялар тобы бойынша шығын 146 млрд теңгеге қысқартылды. Орталық аппараттың ұйымдық құрылымы қайта қаралып, қызметкерлер саны 34%-ға оңтайландырылды. Топ-менеджерлердің жалақысы 30%-ға, орта буын басшыларының жалақысы 20%-ға қысқарды. Сондай-ақ жыл соңына дейін барлық сыйақы мен бонустар алынып тасталды. Дегенмен, қатардағы қызметкерлердің жалақысы бұрынғы деңгейде сақталды. Бұған қоса Орталық аппаратта басшыларға арналған қызметтік көліктен бас тартылды.
- Еншілес ұйымдар туралы айтатын болсақ, өндіріс пен қызметкерлерді жұмыспен қамтылуына қатысы жоқ барлық шығындар қысқартылды. Жағдайға қарай тағы қандай шығындарды азайтуға болатынын алдағы уақытта көре жатармыз. Өндірістегі қызметкерлерді қысқарту жоспарымызда жоқ. Басты міндетіміз – жұмыс орындарын сақтап қалу. Бірлесе отырып, қиындықты еңсеретінімізге сенімдімін, - деді Алик Айдарбаев.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев еншілес кәсіпорындардың басшыларына жолдаған үндеуінде қуат көздеріне сұраныстың және мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі Компанияға қалай әсер ететінін айтып берді. Оның айтуынша, жылдың қорытындысы бойынша ҚМГ қаржылық көрсеткіштері едәуір төмендейді деп күтіледі. Бұдан басқа, ОПЕК+ келісімі аясында компания өндірісті азайтады, бұл мердігерлік ұйымдардың тиісті жұмыс көлемінің азаюына әкеледі.
- Сондықтан еншілес және сервистік компаниялардың басшылары қалған жұмыс көлемін жыл соңына дейін тиімді үлестірулері қажет. Мүмкін жұмыс кестесін өзгертуге тура келеді. Осы мәселені жергілікті деңгейде әлі де мұқият пысықтауымыз керек. Бірақ тағы да қайталап айтамын, барлық өндірістік қызметкерлердің жұмыс орындары сақталуы тиіс, - деп тапсырды ҚМГ басшысы.
Атырау облысына сапары барысында ҚМГ басшысы біріктірілген газ-химиялық кешені құрылысының барысымен де танысты. Қазіргі кезде жобаның дайындығы 66%- ды құрайды. Жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Сыйымдылық және жылу алмастыру жабдығының, металл конструкциялардың және құбырлардың монтажы жүргізілуде. Алдағы кезеңде күрделі технологиялық жабдықтың құбырларын жинақтау, монтаждау және бекіту жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ Алик Айдарбаев Атырау өзен портына барып, онда Оңтүстік Кореяда жасалған аса маңызды өте ауқымды жабдықтың теңіз көлігімен жеткізу барысымен танысты.
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыда су тасқыны кезеңіне дайындық барысы хабарланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар