Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Жас суретшілер байқауының жеңімпаздары анықталды

178 рет көрсетілді

Балаларды қорғау күніне орай сурет байқауы ұйымдастырылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Senim» медиация орталығы мен «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қоры 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, 4-10 жастағы балалар арасында «Мен бақытты баламын» атты сурет байқауын өткізді.

Байқауға 50-ге жуық жас суретші қатысты. Нәтижесінде жүлделі үшінші орын сегіз жасар Бұлбұл Қаратаеваға бұйырса, екінші орынды жеті жасар Диас Болат еншіледі. Ал бірінші орынға алты жасар Мереке Ерболат ие болды.

Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және кәдесыйлармен марапатталды. Байқау Instagram желісінде онлайн режимде өтті. Қазылар алқасы бірінші кезекте суреттердің шынайлығына, тақырыпты ашуына қарай бағалады.

Соңғы жаңалықтар

Көк тудың желбірегені...

Спорт • Бүгін, 08:14

Елдің елдігін сезіндік

Қазақстан • Бүгін, 08:09

Отанымызға шексіз ризамыз

Қоғам • Бүгін, 08:05

Халық таңдауы

Елбасы • Бүгін, 08:04

Азаттық архитекторы

Елбасы • Бүгін, 08:01

Қазақтың Қыз Жібегі

Руханият • Кеше

Ақ боранның азаптары

Аймақтар • Кеше

Адам өмірі үшін арпалыс

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар