Білім • 01 Маусым, 2020

Елімізде 20 мың білім беру ұйымы бар

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір елімізде 5 миллион баланы қамтитын 20 мың білім беру ұйымы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

Елімізде 20 мың білім беру ұйымы бар
- 10 жыл ішінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 70% - ға, 14 052 адамнан 4193-ке дейін қысқарды. Ал балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін, яғни 52% - ға қысқарды. Ал соңғы 4 жыл ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 42% - ға, 7 236 адамнан 4 193-ке қысқарды. Ал балалар үйінің желісі 140-тан 101-ге, яғни 28%-ға қысқарды, - деп жазды Асхат Аймағамбетов
 
Оның айтуынша, балалар үйлері қолдау орталықтарына айналады. Азаматтық қоғам бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.
 
- «Тәлімгерлер» мен «Аналар үйі» сияқты жобаларды ерекше атап өткім келеді. Десе де түйткілді мәселелер бойынша жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр. Мемлекетімізде білім алу құқығына баса назар аударылады. Қазір елімізде 5 миллион баланы қамтитын 20 мың білім беру ұйымы жұмыс істеп жатыр, - делінген министр жазбасында.