03 Қазан, 2013

Қайырымдылық шарасын өткізді

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалының «Ғылым» бастауыш партия ұйымы Халықаралық қарттар күніне орай биылғы 1 қазанда «Көктал» шағын ауданындағы қарттар мен мүгедектерге арналған мекемеде қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.

«Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалының «Ғылым» бастауыш партия ұйымы Халықаралық қарттар күніне орай биылғы 1 қазанда «Көктал» шағын ауданындағы қарттар мен мүгедектерге арналған мекемеде қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.Оған Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының әкімі, қалалық мәслихат пен қоғамдық қор өкілдері, Астана медицина институтының қызметкерлері мен студенттері, орта білім беру мекемелерінің қызметкерлері, сонымен бірге, мәдени бағдарламамен республикалық, халықаралық конкурстардың лауреаттары және мектеп оқушылары қатысты. Көлік және коммуникация колледжінің студенттері Тұрсын Әбдіжәлел, Зарина Жакина ардагерлерге арнап ән шырқап берді. «Ғылым» бастауыш партия ұйымының мүшелері ардагерлерге арналған мерекелік дастарқан жайды.

«Көктал» шағын ауданындағы қарттар мен мүгедектерге арналған мекеме ұжымы атынан оның директоры К.Бапишев қариялар мен мүгедектерге көрсеткен ыстық ықыластары және көмектері үшін «Бірлік» филиалының «Ғылым» бастауыш партия ұйымы төрағасы А.Байшекеевті алғыс хатпен марапаттады.

«Нұр Отан» ХДП-ның «Бірлік» филиалы және «Ғылым» бастауыш партия ұйымы қайырымдылық іс-шараларына үнемі белсенді атсалысып келеді. Мұндай ізгілікті іс одан әрі жалғасын таба береді.

«Егемен-ақпарат».