03 Қазан, 2013

Оториноларингологтар Оралда бас қосты

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласы құлақ, бет-жақ және мұрын ауруларын емдейтін әлемнің ең білікті, кәсіби деңгейлері биік дәрігерлері бас қосатын, шеберлік дәрістерін өткізіп, оталар жасайтын орта­лыққа айналып келеді. Бұл жолы да солай болды. Ақжайықта өткен оториноларингологтардың халықаралық конференциясы мұнда медицинаның осы саласындағы жетістіктері мен табыстары тағы бір биікке көтерілгенін дәлелдеп берді.

Басқосудың алғашқы бөлі­гінде әлемге танымал сала шеберлері қатысушылардың назарына арнайы лекциялар мен баяндамалар ұсынды. Бұл үрдіс диагностика мен аталған ауру түрлері патологиясын емдеудің жаңа тәсілдерін қолданумен байланыстырыла жүргізілді. Есту жүйкесі мен талшықтары ісігі ауруларын ауыздықтау жөнінде Варшава мемлекеттік медицина университеті жанын­дағы клиниканың профессоры Казимир Немчик тың кешенді ой-пікір білдірді. Осы арада бүгінгі әлемдік оториноларингология жүйесінде бұл бағыт ең озық, өміршең тәсіл болып табылатынын атап айтқан жөн. Халықаралық жиынның екінші күні Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы базасы шеңберінде оның тәжірибелік бөлігі мәреге жетті. Мұнда Қазақстанның батыстағы қақпасына арнайы шақырумен келген сала докторлары эндоскопиялық хирургияның көмегі мен адам ағзасының тыныс алу мүшелеріне оталар жасады, шеберлік дәрістер өткізді. Неміс профессоры Хен­нинг Хойманның айтуынша, мұндай жаңашыл бастамалар мен тәжірибе алмасулардың әлем оториноларингологтарына бере­тін пайдасы өте мол.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ.