Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Павлодар облысында қатты желден шатырлар ұшты

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғи апаттың салдарынан Ақсу қаласында Әуезов көшесі бойындағы «Шолпан» қонақ үй кешенінің 600 шаршы метр аумақтағы шатыры ұшып кетті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.


Павлодар облысында қатты желден шатырлар ұшты

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ғимарат 1971 жылы тұрғызылған. Жалпы ауданы - 1616,7 шаршы метр. Сонымен қатар, қатты жел Ақсу қалалық ауруханасының екі қабатты ғимаратының 300 шаршы метр аумақтағы шатырын жұлып әкетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

1

- Тағы бір оқиға Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Жолқұдық ауылында тіркелді. Қатты жел ауылдық мәдениет үйінің шатырын жұлып әкетті. Мәдениет үйінің ғимараты 1968 жылы салынған, жалпы ауданы - 500 шаршы метр. Железин ауданының Еңбекші ауылында соққан қатты желдің екпіні ауылдық мектептің 240 шаршы метр шатырын жартылай жұлып әкетті. Мектептің екі қабатты ғимараты 1982 жылы салынған, жалпы ауданы - 1736 шаршы метр, - дейді департаментте.

2

Облыс орталығында қатты жел қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұзындығы 25 метрді құрайтын металл қоршауы мен кірпіштен жасалған қоршау бағаналарын құлатты.

5

Еске сала кетейік, Павлодар облысы ТЖ департаменті «Дәрмен» қосымшасы арқылы бірінші маусым күні қатты жел тұрып, екпіні секундына 18 метрден асатыны туралы ақпарат таратқан болатын. Облыс аумағында қатты жел тұратыны туралы дауылды ескерту ұялы байланыс операторларының барлық абоненттеріне таратылған.