Қазіргі тағайындауға дейін ол Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды.
Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, «The Fuqua School of Business» Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған.
Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атындағы «Урология ғылыми орталығы» бас директорының орынбасары болып бастады.
2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «Республикалық диагностикалық орталық» («University Medical Center») директоры қызметін атқарды.
2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.
2019 жылғы наурызда Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.