Үздіктер көшін даңқты Джон Джонс бастап тұр. Келесі айда 33 жасқа толғалы отырған америкалық спортшы өз карьерасын 2008 жылы бастаған еді. Сол кезден бері 28 мәрте айқас алаңына шығып, 26 рет жеңіске жетті. 16 кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Жалпы ол ешбір қарсыласына есе жіберген емес. 2009 жылы Мэтт Хэмилге қарсы бәсекеде рұқсат етілмеген тәсіл қолданғаны үшін Джонстың шердогына жеңіліс жазылды. 2017 жылы Даниэль Кормьені нокаутқа жіберді. Алайда айтулы спортшының допинг қолданғаны анықталып, бұл кездесудің нәтижесі есепке алынған жоқ. 2011 жылы жартылай ауыр салмақта UFC чемпионы атанған АҚШ-тың алыбы алтын белбеуді сан мәрте сәтті қорғады.
Ал аралас жекпе-жек тарихындағы «ТОП-10» спортшының толық тізімі мынадай:
- Джон Джонс (АҚШ),
- Андерсон Силва (Бразилия)
- Жорж Сен-Пьер (Канада)
- Федор Емельяненко (Ресей)
- Деметриус Джонсон (АҚШ)
- Хабиб Нұрмагомедов (Ресей)
- Жозе Альдо (Бразилия)
- Даниэль Кормье (АҚШ),
- Конор МакГрегор (Ирландия)
- Мэтт Хьюз (АҚШ)