Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Елордалық құтқарушылар профилактика шараларын жалғастыруда

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше елордалық жағажайда төтенше жағдайлар департаменті судағы құтқару шараларынан шеберліктерін көрсетті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық құтқарушылар профилактика шараларын жалғастыруда

«Күннің ерте жылынуына байланысты профилактикалық жұмыстар 25 мамырдан бастап жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаменті қала әкімдігімен бірлесе отырып, 23 шомылу орнын анықтады. Оның 3-іне рұқсат етілген: Орталық жағажай, «Три пескаря» және Куйгенжар аймағындағы метрополитен. Қалған 20 жерде шомылуға болмайды. Енді аудан әкімдіктерімен бірге 10 тегін жағажай ашу жоспарлануда», – деді бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің бастығының міндетін атқарушы полковник Есен Баиров.

Жақында шомылуға арналған тағы 10 орын ашылатыны белгілі болды. Төтенше жағдайлар департаменті құтқару жұмыстарының қалай жүргізілетінін көрсетті. Бұл жай ғана демонстрация болса да, өкінішке орай, мұндай жағдайлар жағажай маусымында жиі болып тұрады.

«Өкінішке қарай, қайғылы жағдайлар тіркелуде. Жыл басынан бері 3 адам қала су қоймаларында суға кетті. Екі адам құтқарылды», – деді Е.Байыров.

Соңғы жаңалықтар