Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Түркістанда «мәрмәр үйлер» пайда болады

35 рет көрсетілді

Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 7,9 және 12 қабатты 89 тұрғын үй, яғни 5600 пәтер құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 7 қабатты 24 тұрғын үй, яғни 1452 пәтерді пайдалануға тапсыру жоспарланған.

Кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға 450 пәтер, мемлекеттік қызметкерлерге 1000-нан астам несиелік пәтер табыс етілмек.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев салынып жатқан үйлерді аралап, құрылысшылармен кездесті. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғын үйлердің қасбеті тұтастай ашық түсті травертин мен ақ мәрмәр таспен қапталуда. Олардың сапасын тексеріп шыққан облыс әкімі мердігер компания жауаптыларына жұмыс қарқынын жылдамдатуды жүктеді. «Жұмыс көлемі өте ауқымды, оны жақсы түсінемін. Бірақ қазір кідіретін кез емес. Терең жауапкершілікті сезіне білу маңызды. Біздің тарапымыздан қандай да бір көмек керек болса, тікелей айтыңыздар», - деді Өмірзақ Естайұлы. Сондай-ақ құрылыс басында сақтық шараларын күшейте отырып, тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды. 

 

 

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Covid-19: Тағы 276 адам жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 22:35

Қаулы орындалуымен құнды

Аймақтар • Бүгін, 20:50

Елорда – ел жүрегі!

Аймақтар • Бүгін, 13:35

Рульге ие бола алмай қалды

Аймақтар • Бүгін, 09:52

Егемен елдің ордасы

Елбасы • Бүгін, 06:31

Көшпелі мобильді бригада

Коронавирус • Бүгін, 06:28

Ел бірлігінің кепілі

Елбасы • Бүгін, 06:08

Негізсіз қымбаттауы реттеледі

Президент • Бүгін, 06:05

Уақыттан озған көшбасшы

Елбасы • Бүгін, 06:02

Ұқсас жаңалықтар