Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Түркістанда 5 мың адамдық мешіт салынып жатыр

661 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киелі Түркістан қаласында аумағы 5 мың шаршы метр болатын, 5 мыңнан астам жамағат бір мезгілде құлшылық ете алатын мешіт салынып жатыр.

Түркістанда 5 мың адамдық мешіт салынып жатыр

Сыртқы аумағы 3 мың адамға арналған ғибадат орнының құрылысы заман талабына сай озық үлгіде жүргізілуде. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 180 орындық медресе, кітапхана, асхана бар, спорттық алаңдар, 500 орындық автотұрақ пен ғажайып субұрқақтар салынады.

Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте салынып жатқан мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр.

Сондай-ақ облыс әкімі құрылысы аяқталуға жақын бірнеше нысанда болды. Ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау және сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан ол нысандарда құрылысшылар екі ауысымда еңбек етуде.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше