Кітап саудасы Ресей экономикасының бойына қан жүгіртіп тұрған салалардың бірі болып саналады. Сондықтан да карантин кезінде баспахана жұмыстары тоқтап, кітап саудасы уақытша тоқырады. Әркім өз үйінде оқшауланған жұрт сөресіндегі бар кітапты оқыды, яки онлайн кітап дүкендеріне жүгінді. Сөйтіп ресейлік баспалар наурыз-сәуір айларында 1 миллиард рубльге шығынға ұшыраса, ал кітап дүкендері 3,2 миллиардқа ұтылған. Бүгінде кітап индустриясының қайта қалыпқа келіп, бойын тіктеуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Аталған субсидия соның дәлелі.
Ресейдегі кітап өндірісі саласының ахуалы қандай болса да, бізге – Қазақстанға тікелей әсер етеді. Неге десеңіз, әлем әдебиетіндегі кез келген жаңа туындыны орыс тіліне аудармаса, ол біздің дүкендерге де жетпейді деген сөз. Кітап саудасында Батыс елдері мен Қазақстанның арасында алтын көпір атанып тұрған Ресей екенін ескерсек, бұл жаңалық бізге де жағымды болып тұр.