Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Түркістан облысы аумағында маска кию режимі сақталады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында барлық блок-бекеттер алынып, қала және ауданаралық көлік қатынасы іске қосылды. Сондай-ақ карантиндік режимді сақтай отырып, қоғамдық орындар мен нысандар өз жұмысын бастады.

Түркістан облысы аумағында маска кию режимі сақталады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышанов жұмыс істеуіне рұқсат берілген мекемелерге кеңінен тоқталды. «Күшейтілген санитариялық дезинфекциялау режимін сақтай отырып, мына мекемелер өз жұмысын бастады: СПА орталықтар, монша, бассейндер, жағажайлар, халыққа арналған спорт кешендері, фитнес орталықтар, санаторий-курорттық мекемелер, демалыс үйлері, көрерменсіз мәдениет және спорт мекемелері, теміржол вокзалы мен автовокзалдар, автостанциялар, халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары, ұлттық компаниялар. Әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтай отырып саябақтарда, алаңдар мен скверлерде, жағалауларда серуендеуге рұқсат берілді. Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, діни нысандар да ғимаратты 30%-ға дейін ғана толтырып өз жұмысын бастай алады», деді Нұрбек Садықбекұлы.

Мекеменің штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда жұмысшыларының кемінде 50 пайызы қашықтан жұмыс істеу режимінде қалады. Өз жұмысын қайта бастаған нысандарда санитарлық-дезинфекциялық және санитарлық-карантиндік іс-шаралардың сақталуына мониторинг жүргізу жалғасады. Облыс аумағында маска кию режимі сақталады.