Ауру адам талғамайтынына тағы бір мәрте көзіміз жетті. Коронавирус бай мен кедейді бірдей әлекке салуда. Осы күнге дейін қаржысына сенген қалталылар пандемия алдында қауқарсыз. Шетел асып шипа іздейтіндер ауылға қарай ауа көшті. Індеттің оты тұтанған қалалардан қашқан халықтың санында шек болған жоқ. Блок-бекеттерден өткен қымбат көліктерге қарап-ақ, ақшаның ажалға араша болмайтынын түйсіндік. Әйтсе де атқамінерлер бұған да амал тапқан көрінеді.

Бункерлер, жеке ұшақтар мен реанимациялар. Бүгінгі әлем байларының үрейіне араша, өміріне өзек болатын құнды мүліктердің қатарында. Оған механикалық желдеткішті қосыңыз. Құны теңгеге шаққанда 1,5 млн-нан басталып 15 млн-ға дейін жететін ауа тазартатын апараттар бүгінде үлкен сұранысқа ие. Вирус жұқтырған жағдайда бұл баға зәулім үйлері мен кеңселерін емхана есебінде пайдаланып, медициналық құралдармен жабдықтауды ойлаған дәулеттілерді шошыта алған жоқ. Қабат-қабат долларларын денсаулығы үшін құрбан еткен ауқаттылардың бұл ісі алдымен өздерінің көңіліне демеу болса, екіншіден ел экономикасын дағдарыстан құтқарудың төте жолындай көрінді.
Иә, бұл негізінен дәл осы күрделі кезеңде экономикасын тұралатпауға тырысқан мемлекеттердің байлығын банкке басқандардан ақша суырудың амалы сынды. «Жеке ұшақты жалға алыңыз!», «VIP бөлмеге төлеңіз!», «Миллиондарды желдеткішке жұмсаңыз!» секілді пафосқа толы жарнамалар әлеуметтік желіде желдей есіп, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақша қаптады. Әрине, жылтыраққа жаны құштар жақыбайлар Үкімет ұсынған тауарға магниттей жабысуда. Жапатармағай жабыла сатып алып жатыр. Тіпті алды 8 айлық кезекте тұрған көрінеді. Мәселен, Ресейде хирургия, реанимация жабдықтарын сататын компаниялар жеке тұтынушылардан түскен сұраныстардың көптігін хабарлады. Америкалық өндірушілер соңғы кезде портативті желдеткіштерге қызығушылықтың артқанын айтады. Ал италиялық дәрігерлер құрылғы жетіспей жатқанына наразы. Кейбір дамушы мемлекеттер жан сауғалар жер таппай әлекке түсуде.
Мамандар ауруханадан тыс реанимациялық бөлімшелер құру мүмкін еместігін түсіндіріп бағуда. Алайда оған тұтынушылар көнер емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары үйдегі желдеткіштердің көмектеспейтініне сенімді. Қатты ауырған науқас қарқынды терапия мен үнемі медициналық бақылауды қажет етеді. Бұл пікірді отандық дәрігерлер де құптап отыр.
Ойлап қараңыз, бункерлердің бағасы 60 млн теңгеден басталады. 30 млн-ға бөлмені бактериялардан сақтайтын арнайы брондалған есіктер мен терезелер сатып алуға мүмкіндік бар. Әлем басылымдары «Нью-Йорктегі элита арасындағы шынайы шайқас – аурухана төсегін резервтеу», деп жазуда. Осыдан-ақ қоғамның жай-күйін аңдауға болатындай. Ақша не істетпейді деп абдырап қаласыз.
Карантин кезінде жеке әуекомпанияларының жұмысы жандана түскендей. Олардың қызметіне күннен-күнге сұраныс артып келеді. Тұтынушыларды қызықтыру үшін Флорида штатындағы «South Jet» чартерлік компаниясы «Өзіңізді коронавирустан қорғаңыз – жеке ұшақта ұшыңыз. Бүгінгі кітап!» жобасын қолға алған. Ірі компаниялар мен ауқатты отбасылар вирус жұқтырмау үшін жеке ұшақтарды жиі пайдаланады. Мәселен, Гонконгтан бір отбасы Балиге, ал Голливуд киностудиясы Токиодан Лос-Анджелеске 50 адамға рейс ұйымдастырыпты. Нью-Йорктен Лондонға бару үшін 12 жолаушы сиятын шағын ұшақтар шамамен 140 мың АҚШ доллары тұрады. Толық жүктеме кезінде бір адамға 12 мың АҚШ долларынан келеді. Сонымен қатар адамдар өзін-өзі оқшаулау үшін яхталарды жалдап, теңізге саяхаттауда. Бір айлық азық-түлігін алып, отбасымен елден жыраққа кеткендердің де қарасы мол.
Ал Қазақстанның байлары қайтті екен деген сауал сізге де маза бермей тұрған болар. Әрине, бұл сұрақтың жауабы аса қиын да емес. Бұл жолы байлар жаз шыға ғана демалуға баратын қала сыртындағы зәулім үйлеріне ерте көктемде жайғасты. Қымбат антисептиктер мен тұмауға қарсы дәрі-дәрмектерді үйіп-төгіп алған ел азаматтары вирустан осылайша қорғануды жөн деп санаған сыңайлы.
Аллаға шүкір, біздегі ахуал шетелдегідей шектен шығып тұрған жоқ. Содан да болар, Еуропадан өріс іздеген қазақтар елге оралып жатыр. Бізге қызығы, олар індет жайлаған Еуропаға биыл бара қояр ма екен?
Құрғақ уәде «құрғақшылықтан» құтқармайды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Бір қызық қансонарда түлкі аулаған...
Қоғам • Кеше
Елбасы • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Сақтандыру нарығының ахуалы қандай?
Қоғам • Кеше
Бейбіт Атамқұлов Италия елшісімен кездесті
Қоғам • Кеше
Өскемен гарнизонында шаңғы тебуден жарыс өтті
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында 10 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Зейнетке ерте шығудың мүмкіндіктері айтылды
Қоғам • Кеше
Мұрат Әйтенов вакцинаның екінші компонентін салдырды
Аймақтар • Кеше
Бақытжан Сағынтаев Францияның бизнес-қауымдастығымен кездесті
Аймақтар • Кеше
Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты
Әлем • Кеше
Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі адам ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкент әкімі тұрғындардың шағымына жауап берді
Аймақтар • Кеше
Атырауда 500 орындық мешіттің іргетасы қаланды
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Германия «жасыл экономиканы» бірлесіп дамуға ниетті
Экономика • Кеше
Батыс Қазақстанда иіс тиген 14 адам ауруханаға жеткізілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» кітабының тұсауы кесілді
Әдебиет • Кеше
СҚО-да үсік шалған 5 адамның жағдайы ауыр
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Су тапшылығы мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Елордада қылмыс саны 30%-ға азайды
Елорда • Кеше
«Теңізшевройл» пандемия кезінде Қазақстанға қандай көмек берді?
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда «Парасат жолы» орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Елорда • Кеше
Қазақстанда «Спутник-V» вакцинасынан жағымсыз реакция тіркелген бе?
Қазақстан • Кеше
65 жастан асқан адамдарды вакцинациялауға рұқсат берілді
Коронавирус • Кеше
Ерлан Қиясов вакцинациялаудан кейінгі қорғаныш әсер жайында айтты
Коронавирус • Кеше
Павлодар облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жүріп жатыр
Аймақтар • Кеше
Мұрат Әйтенов: Шымкенттің әр екінші тұрғыны тәуелсіздік тумасы
Аймақтар • Кеше
26 ақпанда Үкімет отырысы өтеді
Үкімет • Кеше
Атырауда бір күнде 43 адам жарақат алды
Аймақтар • Кеше
Түрмеге келген сәлемдеме арасынан есірткі шықты
Аймақтар • Кеше
Сервистік әкімдік ауылдарға да жетті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева Сума Чакрабартимен кездесті
Қоғам • Кеше
Конькимен жүгіру спорты бойынша ел үздіктері анықталды
Қысқы спорт • Кеше
Алаяқтар Instagram-да жүргізуші куәлігін сатуда
Қоғам • Кеше
Шымкентте 2021 жылы 109 көше жөнделеді
Аймақтар • Кеше
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Батыс Қазақстанда 1549 абонент жарықсыз қалды
Аймақтар • Кеше
Шымкент: 2021 жылы 41 шақырым жылу құбырына жөндеу жүргізіледі
Аймақтар • Кеше
Түркияда Ұлы дала қайраткерлерінің еңбектері насихатталды
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар