Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Алматыда отандық тауар өндірушілері таныстырылды

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тізімге СТ КЗ сертификаттары мен индустриялдық сертификаттары бар 512 алматылық компания және 12 мыңнан астам тауар түрлері енген. Сондай-ақ, оңтүстік астананың әрбір отандық тауар өндірушісі өз деректерін, тізілімге енгізу мүмкіндігіне ие бола алады.

Алматыда отандық тауар өндірушілері таныстырылды

Аталмыш жобаны Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен отындық тауар өндірушілерді қолдауы мақсатында жүзеге асырды.

«Енгізілген төтенше жағдай режимі мен карантин - экономиканың басты трендінің бірі болып саналды. Бұл жоба - бұл жолдағы тағы бір басты қадам», - деп айтты  Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов өз сөзінде.

Тіркеу қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Оны https://almaty.infokazakhstan.kz/ сайтының басты бетіндегі Алматы қаласы отандық тауар өндірушілер бөлімінен көруге болады.

«Енді барлық іздеушілер, әсіресе мердігерлер, бюджеттік бағдарлама әкімшілері тізілімде саланы немесе нақты тауарлық позициясын көрсету арқылы қажетті өндірушіні оңай таба алатын болады. Айта кету керек, жақын арада тізілімдегі әрбір кәсіпкер өз мәліметтерін өңдеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, өз компаниясын осы базаға енгізгісі келетін кәсіпкерлерге де бұл қолжетімді болады», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10