Қоғам • 03 Маусым, 2020

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 0,9 пайызға артты

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сапархан Омаров жыл сайынғы дәстүрлі есеп беру кездесуінде 2019 жылдың қорытындылары туралы айтып берді.

Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 0,9 пайызға артты

«Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылға қарағанда 0,9 пайызға артып, 5,2 трлн теңгені құрады. Бұл ретте, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 4 пайызға артса, өсімдік шаруашылығы бойынша, қолайсыз ауыл шаруашылығы жағдайларына байланысты, 1,7 пайызға төмендеді. 2019 жылы салаға 501,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың деңгейінен 41 пайызға жоғары. 2019 жылдың ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмыскерге шаққанда 2,4 млн теңгені құрап, өткен жылдың деңгейінен 14 пайызға көп. 2019 жылы ауыспалы егісті сақтай отырып, рентабелділігі жоғары дақылдар алаңын ұлғайту мақсатында майлы және бұршақты дақылдар егістері артты, мысалы зығыр алаңы 18,2 пайызға, соя алаңы 10,7 пайызға, көкөніс-бақша дақылдары алаңы 4,7 пайызға ұлғайтылды. Жүргізілген нәтижелердің арқасында бидай алаңдары монодақыл ретінде 11,3 млн гектарға қысқартылды», - деді ол.