Спорт • 03 Маусым, 2020

Футбол: Қолдаушылары өте белсенді 10 стадион

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі France Football басылымы өз ойыншыларына әркез ыстық ықылас білдіріп, қандай жағдайда да керемет қолдау көрсететін көрермендерімен ерекшеленетін стадиондардың рейтингін жария етті.

Футбол: Қолдаушылары өте белсенді 10 стадион

Үздіктер көшін «Бомбонера» бастап тұр. 60 жылдық тарихы бар айтулы спорттық нысан Аргентинаның астанасы – БуэносАйресте орналасқан. Ол жерде жергілікті «Бока Хуниорс» клубы өнер көрсетеді. Осы стадионда өтетін әр матчты 57 395 көрермен тамашалай алады.

Екінші орында – Англияның «Энфилды». Іргетасы сонау 1884 жылы қаланған стадион әйгілі «Ливерпуль» футбол клубының меншігінде. Ол 54 074 адамға есептелген.

Үздік үштікті «Сигнал Идуна Парк» қортындылап тұр. 1974 жылы пайдалануға берілген стадион 81 359 көрерменді сыйдыра алады. Германияның Буднеслигасында бақ сынап жүрген Дортмундтың «Боруссиясы» өз ойындарын дәл осы жерде өткізеді. 

Сондай-ақ, үздік ондықтың қатарына «Райко Митич» («Црвена Звезда», Сербия), «Селтик Парк» («Селтик», Шотландия), «Монументаль» («Ривер Плейт», Аргентина), «Водафон Парк» («Бешикташ», Түркия), «Георгиос Караискакис» («Олимпиакос», Грекия), «Сан-Мамес» («Атлетик Бильбао», Испания) және «Маракана» («Фламенго»/«Флуминенсе», Бразилия) сынды стадиондар еніп отыр.