Спорт • 03 Маусым, 2020

Теннис: Жарыстардың қашан жалғасатыны 10 маусымда анықталады

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың кесірінен тоқтатылған теннисшілер арасындағы жарыстардың қай кезде жалғасатыны 10 маусымда өтетін Zoom-конференциядан кейін белгілі болады.

Теннис: Жарыстардың қашан жалғасатыны 10 маусымда анықталады

Жылдың басынан аяғына дейін үздіксіз өтіп тұратын түрлі турнирлер пандемия салдарынан тоқтатылғаннан кейін ең көп байбалам салған дәп осы теннисшілер еді. Әр күн сайын «Табыс көзінен айырылдық», «Жағдайымыз мүшкіл», «Енді қалай күн көреміз?» деп жыларман болды. Олардың жанайқайын естіген Новак Джокович, Роджер Федерер, Рафаэль Надаль сынды саңлақтар ортаң қол ойыншыларға қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы қайырымдылық қорын құру жөнінде бастама көтерді. Бұл идеяны көпшілік қолдаса, кейбіреулер қарсылық білдірді. Бұл істің немен аяқталғаны бізге беймәлім, бірақ бір білетініміз қиын-қыстау кезеңде бір-бірін қолдаған теннисшілердің ауызбірлігі мықты екен.

Zoom-конференциядан кейін Солтүстік Америка мен Еуропа құрлығында өтетін бірқатар ірі халықаралық турнирлердің мерзімі анықталады. Одан кейін ойыншылар «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстарға дайындықты бастайды.