Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Маңғыстаулық балабақшаларда кезекші топ жұмыс бастады

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы қоғамдық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлім болды.

Маңғыстаулық балабақшаларда кезекші топ жұмыс бастады

Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 07.05.2020 жылғы қаулысы негізінде, Білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашу туралы бұйрығын шығарды. Осыған байланысты 13 мамырдан бастап Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия, Мұнайлы аудандарында барлығы 90 балабақшадан 177 кезекші топ ашылды.

- Бүгінгі таңда аталған топтарда 2052 бала (Ақтау- 1487, Жаңаөзен-512, Қарақия ауданы-38, Мұнайлы-15), яғни барлық балабақша контингентінің 5,3% қамтылып отыр. Барлығы 422 педагог пен 770 техникалық қызметкерлер штаттық режимде (медбике, аспазшы, кір жууышы және т.б) жұмысқа шықты, - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев.

Балабақшаларда күнделікті балаларды қабылдау дене қызуларын өлшеу арқылы таза ауда, яғни балабақша ауласында жүргізіледі және топтағы балалар саны 10-нан аспайды. Сондай-ақ, күнделікті ылғалды тазалық жұмыстары, залалсыздандыру, желдету, дезинфекциялық жұмыстар талапқа сай жүргізіледі.

 

 

 

Маңғыстау облысы