Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданы тұрғындарының мәселелері қалай шешіліп жатқанын тексерді.

Шаһар басшысы мегаполистің барлық аудандарында өмір сүрудің бірдей жағдайын жасауды тапсырды
Бүгін Алматының әкімі жұмыс сапары барысында өткен жылғы есептік кездесулерде Алатау ауданы тұрғандары айтқан мәселелердің қалай шешіліп жатқанын тексерді. Өйткені, осы аудандағы жолдардың, тротуарлардың, арықтардың, жарықтың, коммуналдық желілердің жоқтығы сөз болған еді. Сонымен қатар Б.Сағынтаев ауданның инфрақұрылымын жасқарту жөніндегі жобаларды іске асыру барысымен танысты.
Алматы әкімі Ұлжан ықшамауданындағы кәріздік насос станциясының құрылысын және осы ықшамаудандағы Жалайыр көшесіндегі жолдың жөнделу барысын көрді. Жол кеңейеді, тротуарлар мен арық желілері салынады, ал мектеп пен бала бақша жанынан жылдамдық режимін азайту үшін жасанды кедергілер жасалатын болады. Қала әкімі орынбасарларға және тиісті басқарма басшыларына жасалып жатқан жұмыстардың сапасын жіті қадағалауды тапсырды.
«Қаланың кез келген ықшамауданындағы өмір сүру сапасы бірдей әрі жоғары деңгейде болуы тиіс. Біз бұл міндетті «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында Мемлекет басшысы айтқан «Шетсіз қала» қағидатына сай шешудеміз», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.
Қазір Алатау ауданында инфрақұрылымды жақсарту бойынша жұмыстар жүруде. Шапағат, Қарасу, Алғабас, Өжет, Самғау, Ақбұлақ сынды алты ықшамаудандарда су және кәріз құбырлары салынуда. Олардың жалпы ұзындығы – 205,4 шақырым, оның 111,41 шақырымы сумен қамту желісі, 93,99 шақырымы судан бөлетін құбырлар.
«Көк Кайнар»,«Томирис», Шаңырақ-2, Ұлжан-1 ықшамаудандарында салынған кәріздік желілерді іске қосу үшін 17 кәріздік насос станцияларының құрылыстары жүруде. Оларды ағымдағы жылдың ІІ жартысында аяқтау жоспарланған. «Шаңырақ-1», «Теректі», «Рахат-Мәдениет» ықшамаудандарында инженерлік желілер салу үшін ЖСҚ әзірленуде.
Өткен жылы 13 ықшамауданда жаңа жолдардың құрылыстары басталған еді. Оның ішінде «Қарасу», «Ақбұлақ», «Көк Қайнар» «Саялы-2» сынды төрт ықшамаудандағы ұзындығы 32,7 шақырым жолдар пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы «Ұлжан-2», «Алғабас-АЗТМ», «Томирис», «Ұлжан-1», «Шаңырақ-2», «Шаңырак-1», «Дархан-Байбесік», «Әйгерім-1», «Әйгерім-2» сынды жеті ықшамаудандағы жалпы ұзындығы 84 шақырым болатын жолдардың құрылысы биылғы жылы аяқталады. Бұлардан өзге, «Шаңырақ-2»,«АЗТМ-Алғабас», «Томирис», «Боралдай», «Ұлжан-1», «Ұлжан-2», «Көк-Қайнар», «Қарасу», «Өжет» сынды сегіз ықшамаудандағы 67,4 шақырым жолдарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүруде.
Б.Сағынтаев «Алатау Сити» ТК құрылыс алаңында болды, мұнда орта санаттағылар үшін қолжетімді баспана салынуда, оның ішінде ипотекалық несие бағдарламасы бойынша. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қала тарапынан коммуникация жүргізілді.
Өз кезегінде, құрылысты жүргізуші МЖӘ аясында 350 орынды бала бақша салатын болады. Осылайша, Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым құру жөніндегі тапсырмасы оң шешімін табуда.
«Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бойынша Алатау ауданында үш жасыл аумаққа, үш сквер мен алты жүргінші аймағына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұлардан өзге, көпқабатты үйлердің шатырлары жөнделіп, 23 аула, 18 бала бақша ретке келтіріледі. Барлық нысандарда 2070 жұмыс орындары құрылады.
Қала әкімі жұмыс сапары барысында атқарылған жұмыстар мен қоғамдық кеңістікті жөндеу үшін қолданылған материалдардың сапасын да тексерді. Оның ішінде, Рысқұлов даңғылы бойынан Момышұлы көшесінен Оңғарсынова көшесіне дейінгі Жасыл аймақ, ҮАК бойынан Момышұлы көшесінен Солтүстік айналымға дейінгі аумақ тексерілді. ҮАК бойындағы скверге және «Алатау» дәстүрлі өнер театры алдындағы алаңға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қарасу» ықшамауданында жаңа рекреациялық аймақтың құрылысы жүруде, мұнда елді мекенге жақын орналасқан өзен арналары жасылдандырылады. Осынау қоғамдық орындар жасылдандыру арқасында көпшілік тынығатын орындарға, балалардың ойын және спорт алаңдарына айналады.
«Бұл жобаларды іске асыру аудан өмірін жақсартады, кеңістікті жұмыс істеуге, тынығуға, оқуға барынша жайлы етеді. Жаңа тынығатын орындар пайда болады», - деп атап өтті Б. Сағынтаев және бос орындарды барынша жасылдандыруды, ағаштардың берік сұрыптарын отырғызуды тапсырды. Өйткені, аудан жасыл желек саны жағынан қалада соңғы орында.
Жұмыс сапары барысында Б.Сағынтаев «Маслодел» зауытында болып, жаңа санитарлық ережелерге сай өндірістік циклдармен және жұмыс үрдісін ұйымдастыруды көрді. Бұлардан өзге, қала әкімі жаңа мешіттің құрылысымен бірге, Almaty Creative Hub жаңа буынын қалыптастыратын мәдени орталықтың жобасымен танысты.

Алматыда автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысты
Оқиға • Кеше
Түркістандағы оқиға: Арнайы комиссия құрылды
Оқиға • Кеше
Көне мұралар цифрлық форматта жаңа тыныс ашуда
Өнер • Кеше
ШҚО-да қару сақтау тәртібін бұзған 6 мекемеге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды
Аймақтар • Кеше
Алматыда құрылысшылар құқын қорғауға арналған кеңес өтті
Аймақтар • Кеше
Павлодар облысында халық саны азайған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да биыл 70 чернобыльдық санаториялық-курорттық ем алады
Аймақтар • Кеше
Алматыда әлеуметтік қор пәтерлерінің құны көтерілмейді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысының Алға ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қостанай облысында жоғалған жылқышы 6 күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Шекара қызметі «Қарасу» өткізу пунктінде контрабандалық жүкті ұстады
Қазақстан • Кеше
Сенаторлар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысты
Парламент • Кеше
Ақмола облысындағы мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Алматыда 452 көпбалалы отбасы баспанамен қамтылады
Аймақтар • Кеше
10 қалада атмосфералық ауаның ластану индексі жоғары
Экология • Кеше
Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір үлгісі мен мөрі табылды
Руханият • Кеше
Алматы облысында әйелдер колониясына тыйым салынған заттар жеткізілген
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қала шетіндегі дүкенге қарақшылық жасаған адам ұсталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді
Президент • 26 Ақпан, 2021
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда 33 медицина қызметкері марапатталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қайырымды да батыл отандастарымызды марапаттады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан тарихы: 7 томдық академиялық еңбек әзірленеді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл мұрасы – ұлт руханиятының айнасы
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Корабльдерді күзету мен қорғау бойынша оқу-жаттығу өтті
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы тағайындалды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
ШҚО-да алты мекеме қару сақтау тәртібін бұзған
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Петропавлда ұландықтар өртенген үйден үш адамды алып шықты
Оқиға • 26 Ақпан, 2021
Бас прокуратура әлеуметтік желілерде митингке шақыруға байланысты үндеу жариялады
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды
Фотогалерея • 26 Ақпан, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • 26 Ақпан, 2021
Алматыда Терісбұлақ өзені кәріз суларынан тазартылды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Ауа райына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды
Ауа райы • 26 Ақпан, 2021
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірқатар лауазым өкілі тағайындалды
Президент • 26 Ақпан, 2021
Қазақстанның АӨСШК-ге төрағалығы бірқатар елге гуманитарлық көмек берді
Қазақстан • 26 Ақпан, 2021
Ақмола облысында 3 мың адамға жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар
Медицина • 26 Ақпан, 2021
Қазақстан биржалық крипто-айналымның 1% -ын өзінің биржаларына аударуды жоспарлап отыр
Қаржы • 26 Ақпан, 2021
Қызылордада карантин талаптарын сақтамаған түнгі клуб анықталды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Атырауда полицияға 840 әйелден шағым түскен
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Елордада жексенбіде СОО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда «Тәуелсіздіктің төл құрдастары» жобасы іске қосылды
Елорда • 26 Ақпан, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың себебін түсіндірді
Экономика • 26 Ақпан, 2021
Грек-рим күресінен ел біріншілігі аяқталды
Күрес • 26 Ақпан, 2021
Илон Маск бір тәулікте біраз байлығынан айырылды
Әлем • 26 Ақпан, 2021
Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Футзал: Беларуське қарсы ойнаймыз
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Биыл 8 мың алматылықты баспанамен қамту жоспарлануда
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Нұр-Сұлтанда жастарды жұмыспен қамтуға арналған меморандум жасалды
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
«Астана» велокомандасы Франциядағы жарысқа қатысатын спортшылар тізімін бекітті
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасы бастау алды
Аймақтар • 26 Ақпан, 2021
Партия қоғамдық кеңестерінің қызметі жүйелі түрде қайта құрылымдалады – Бауыржан Байбек
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы «Grand Slam» турниріне қатысады
Спорт • 26 Ақпан, 2021
Қарағанды облысында құлағы үсіген ер адам ауруханаға түсті
Қоғам • 26 Ақпан, 2021
Ұқсас жаңалықтар