Аймақтар • 03 Маусым, 2020

COVID-19: Алматыда 2167 сауда орны тексерілді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық –эпидемиологиялық талаптарды сақтауын қадағалау бойынша мониторингтік топ күнделікті жұмыс жүргізіп отыр.

COVID-19: Алматыда 2167 сауда орны тексерілді

Мониторингтік топ бұл жолы Бостандық ауданының аумағындағы 17 кәсіпкерлік субъектісін тексерді.

Олардың арасында: «Мимино», «Del papa», «Party Pizza», «Хачапури и Вино», «Суши Рай», «Хачапури» мейрамханалары; «Марокко», «МаМи» сұлулық салондары; «Раушан», «Шағынмаркет», «Мөлдір», «Магнит» азық-түлік дүкендері; «Тирамису» кондитерлік дүкені; «Аквастарс» спорттық-сауықтыру бассейні; Mon Amie СҮ; Kaspi банк бөлімшесі; «Еврофарма» дәріханасы бар.

Г

Тексеру барысында екі нысаннан – «Раушан» азық-түлік дүкені мен «Мимино» мейрамханасынан маска тағу режимінің орындалмауы, тепловизорлардың жоқтығы мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталды. Соған байланысты тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілді.
З

Мониторингтік топтар жұмысын бастағалы қалада барлығы 2 167 нысан тексерілді, олардың 125-де Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында бекітілген талаптардың бұзылғаны анықталған. Осыған байланысты, 69 нысанның (оның ішінде 56-сы нысан басшылығының шешімімен) жұмысы тоқтатылып, нысандарда өрескел тәртіп бұзушылыққа қатысты 72 әкімшілік хаттама толтырылған.

Х

Мониторингтік топтың құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық бөлімдерінің, кәсіпкерлікті дамыту қызметкерлері, полиция қызметкерлері, сонымен бірге, БАҚ өкілдері енген.

Л

ЗЭГг

Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.

Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табады.