Мақтаарал ауданындағы жағдай алғашқы күннен мемлекет назарында екені мәлім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны апаты салдарын жойып, ауданның күнделікті тіршілігін қайта қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданатынын, жалпы күзге дейін қираған үйлердің орнына жаңа тұрғын үйлер салынатынын мәлімдеген болатын.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауындағы төтенше жағдайдың салдарын жою, қалпына келтіру жұмыстары Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде өткен кеңейтілген мәжілісте талқыланды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық басқарма басшылары, Жетісай, Шардара, Сарығаш, Келес ауданы әкімдерінің орынбасарлары қатысқан жиында негізгі 5 мәселе қаралды.
Бүгінде аудандағы эвакуациялық 8 бекетте 996 адам орналасқан. Оның 79-ы Жаңатұрмыс, 407-сі Жеңіс, 345-і Фирдоуси, 165-і Өргебас ауылдарының тұрғындары. Бекеттерде санитарлық талаптарды сақтау шаралары қарастырылып, аспаздар күнделікті медициналық тексеруден өткізілуде. «Жеңіс елді мекенінде 1 мың долларға 273 отбасының құжаты қабылданып, облыстық қаржы басқармасына тапсырылды. Сонымен қатар жалпы 323 отбасының 301-інен құжат жинақталып, карточкалары табысталды. Жеңіс елді мекенінде жалпы тұрғын үй саны – 257, соның ішінде 204 тұрғын үйдің құжаты жиналып, Мақтаарал аудандық құрылыс бөліміне тапсырылды», деді Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев.
Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Тәжібай Егетаев бүгінде Мырзакент маңындағы жаңа шағын ауданда құрылыс қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Зардап шеккен әлеуметтік нысандар жаңадан салынады. Яғни Фирдоуси және Өргебас елді мекендері мен Мырзакент кентінде заманауи фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы мен 1200 орындық мектеп, полиция тірек пункті және 280 орындық балабақша құрылысы басталады. Бұл мақсатта облыс әкімдігі резервінен қаржы қарастырылады. Бүгінде Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық елді мекен тұрғындарының келісімі бойынша Мырзакент кентінде 425 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның ішінде 235 тұрғын үй мемлекеттік бюджет есебінен, қалған 190 үйдің 150-і «Б.Өтемұратов», 20-cы «Салиқалы ұрпақ», 20-cы «Біз біргеміз!» қорларының демеушілігімен салынуда. Жалпы 839 тұрғын үйге аккредиттелген сарапшылар тарапынан техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, 623 үйге қорытынды алынған. Қазіргі таңда 188 үйдің іргетасы құйылып, 73-інің қабырғасы көтерілуде. Сондай-ақ бір үйдің шатыры жабылуда. Бұл жұмыстармен 37 мердігер компания мен 1334 құрылысшы айналысуда. Мәжіліс барысында Жаңажол ауылдық округі Өргебас, Фирдоуси ауылдарын қалпына келтіру жұмыстарының да есебі тыңдалды. «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорының төрағасы Жандос Орынбаевтың айтуынша, бүгінде Фирдоуси және Өргебас ауылынан 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Фирдоусиде 100 үй, Өргебаста 55 баспана толығымен бұзылған. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысына Өргебас ауылының 156, Фирдоуси ауылындағы 183 отбасының әрқайсысына 17 млн теңгенің 50 пайызы, яғни, 8,5 млн теңгесі толық аударылған.
Су басудың салдарынан зардап шеккен азаматтарға төленетін өтемақылар туралы баяндаған облыстық Қаржы және аудит мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев зардап шеккен тұрғындарға Ә.Усманов қорынан 5 млн 202 мың АҚШ доллары 5202 отбасының (30 420 адам) есепшотына аударылып жатқанын жеткізді. Бүгінде бұл қаржыны 1308 отбасы алып үлгеріпті. Сондай-ақ тұрғындарға 4638 банк картасының 90 пайызы таратылып берілген. Ал 650 млн теңге әр отбасына Үкіметтің резервінен 100 мың теңгеден беру мақсатында бөлініп отыр. Ол аудан әкімдігінің мәліметіне сәйкес, 846 үйдің 6128 адамына беріледі.
Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов су тасқыны кезінде Мақтаарал ауданындағы 10 елді мекеннің 994 агроқұрылымына тиесілі 5624,8 гектар егістік алқабына зақым келгенін айтып өтті. Соның бүгінде 1893,2 гектары қайта өңделіп, 1545 гектарына түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егіліпті. Сондай-ақ қазіргі таңда 22 азаматқа тиесілі 144 бас ауыл шаруашылығы жануарлары анықталып, өтемақы тағайындалуда.
Жиын қорытындысы бойынша топан судың салдарын жою бағытындағы жұмыстарды күшейту, соның ішінде эвакуациялық бекеттердің, Мырзакент маңындағы жаңа шағын аудандағы құрылыс жұмыстарының қарқынын бәсеңдетпеу, су басқан ауыл тұрғындарының өтемақыларын тездетіп төлеу, Өргебас, Фирдоуси ауылдарындағы қалпына келтіру жұмыстарын назарға алу қажеттігі айтылды.
Түркістан облысы
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар